Көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық схемасы анықталды

Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық схемасы анықталды.

Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкеріленген.Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.

«Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасып жатыр», деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асып отыр. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Related posts

ТҮРІК ДАСТАРҚАНЫНАН ДӘМ ТАТЫҢЫЗ

Назия Жоямергенқызы

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

editor

Пришло время забронировать незабываемый семейный отдых в Турции.

ttjk