Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарда болған жағдайға байланысты пікір айтты. Өз сөзінде облыс басшысы бұл мәселе әкімдіктің назарында екенін жеткізді.
«Біз ол отбасыға өз көңілімізді айтамыз. Жалпы құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазір іс ішкі істер министрі мен Бас прокурордың жеке бақылауында. Сол себептен біздің аудиторияға айтқым келгені сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының берген мәліметтеріне көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп жатыр. Әр жұмысы бойынша БАҚ-та ақпарат жариялап отыр», — дейді Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске салсақ, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсіміндегі әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.