Ақорда резиденциясында шет мемлекеттердің Қазақстандағы жаңа елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан президентіне дипломатиялық өкілеттігін ресми түрде тапсырған елшілер тізімі:
-
Израиль мемлекетінің елшісі — Йоав Быстрицки
-
Қырғыз Республикасының елшісі — Құдайберген Базарбаев
-
Куба Республикасының елшісі — Альфредо Федел Ниевес Портуондо
-
Ливан Республикасының елшісі — Джордж Абу Зейд
-
Зимбабве Республикасының елшісі — Марк Грей Маронгве
-
Сомали Федеративтік Республикасының елшісі — Фатхудин Али Мохамед
Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық аренада бейбітшіл ұстанымға ие екенін және барлық елмен сенімді әрі конструктивті байланыс орнатуға ниетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, президент елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформалар жайында айтып, олардың әділетті қоғам қалыптастыру мен «Заң және тәртіп» қағидаттарына сүйенетінін жеткізді.
Мемлекет басшысы жаңа елшілерді миссияларының басталуымен құттықтап, олардың жұмысына Қазақстан тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Фото: Akorda
