Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді

Соңғы уақытта елімізде алаяқтық деректері көп тіркеліп жатыр. Алаяқтар ірі компаниялардың ресми сайттарына ұқсайтын жалған сайттарды қолдан  жасауды әдетке айналдырды. Халықтың көпшілігі өз банк карталарының деректерін және SMS кодтарды енгізіп жатады, бірақ артынша алаяқтар ол мәліметтерді Apple Pay, Samsung Payнемесе Google Pay-ге тіркеп алады. Содан клиенттің картасынан түрлі терминалдан ақша шешіле бастайды. Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты Halyk Bank өкілдеріалаяқтардан қалай қорғану керегі туралы айтуды жөн көрді.

Банк өкілдері ақшаңыз бен деректеріңіздіқорғау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауғакеңес береді:

Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және картадеректемелерін ол жерде көрсетпеңіз.
Әрқашан деректеріңізді қайда енгізгеніңіздітексеріңіз!
Ешкімге, сондай-ақ, банк қызметкерлерінекартаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін(картаның алдыңғы жағы) және үш таңбалыCVV/CVC кодын (картаның артқы жағы)айтпаңыз.
Картаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC кодын, сондай-ақ «ұтысойындары« және «ақша үшін сауалнамалар» жүргізетін сайттардағы SMS-хабарламаларданкелген кодты енгізбеңіз.
Егер сіз қандай да бір тауарды күтсеңіз, абайболыңыз! Алаяқтар клиенттерді алдау үшінжалған жеткізу қызметтерінің веб-сайттарыноңай жасай алады.
Интернет операциялар үшін қосымша картаныпайдаланыңыз. Қаражаттың шектеулі мөлшерінсақтай алатын сандық картаны рәсімдеудіұсынамыз. Бұл онлайн сатып алу кезіндетәуекелдерді азайтуға және негізгіжинақтарыңызды қорғауға көмектеседі.
Halyk қосымшасы арқылы интернетоперацияларға тыйым салыңыз. Бұл өз кезегінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, Halyk өкілдері мұндай алаяқтықәрекеттер 190-бап («Алаяқтық»), 195-бап («Алдаунемесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиянкелтіру») және 247-бап («Заңсыз сыйақы алу»)бойынша тиісті жазалармен қылмыстықжауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Halyk әрқашан алаяқтықпен күресудің жолдарын жүзеге асыра отырып, барлық қажетті күштердісалып жатыр. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтуге болады https://halykbank.kz/security. Сондай-ақ, шотыңызда күдікті әрекет байқалған жағдайда 7111нөмірі бойынша банктің колл-орталығынахабарласуыңызды сұраймыз.

Related posts

ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ttjk

«Шеврон» компаниясы Astana Finance Days барысында Тікелей инвестициялар қорын таныстырды

ttjk

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды

editor