Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған театрлардың бірі Батыс Қазақстан облысындағы Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры. Хадиша театрыұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құндылықтарды сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолында, ізденіс қарымын жан-жақты шыңдап келеді. Мемлекеттің рухани-мәдени кеңістігінде аянбай еңбек етіп жүрген өнердің қара шаңырағы.
Аталмыш ұжым 2025 жылдың 7,8,9,10 қазан күндері Алматы қаласында гастрольдік сапарда болады. Өнерсүйер қауымға театр репертуарындағы таңдаулы классикалық, әлемдік және заманауи драматургиядан үздік қойылымдарын және кішкентай көрермендерге арналған ертегілерінұсынады. Сонымен қатар биылғы жылы рухты ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығы мен Нұрғиса Тілендиевті 100 жылдығы аясында тұлғалардың асыл мұрасын насихаттап, жас буынға елдік рух пен мәдени құндылықты жеткізу мақсатында қойылған спектакльдер де бар. Әр қойылым – сахнадағы шынайы сезім, актерлік шеберлік пен көркемдік ізденістің тоғысы.
Гастрольдік сапар – өнер арқылы өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту, қазақ театр өнерін кеңінен дәріптеп одан әрі дамытуға үлес қосатын игі қадам болмақ.
ГАСТРОЛЬДІК ҚОЙЫЛЫМДАР КЕСТЕСІ:
7 қазан 18.00де БАҚ-тың қатысуыменБАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫ өтеді.
7,9, қазан 11.00 — А.Аламан «ЖАЛҚАУДЫҢ ЖЫРЫ» ертегі
8,10 қазан 11.00 –О.Әубәкіров «МЕН ЧЕМПИОН БОЛАМЫН» ертегі
7 қазан 18.30 – А.Бақтыгереева, М.Омарова «ЖҰБАН» поэтикалық драма
8 қазан 18.30 –А.Володин «СЕНІ САҒЫНДЫМ» психологиялық драма
9 қазан 18.30 – Н.Сауданбекұлы «МҰҚАҒАЛИ-НҰРҒИСА» драма
10 қазан 18.30– Н.В.Гоголь «РЕВИЗОР» комедия
ӨТЕТІН ОРНЫ: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38
«ЖҰБАН» поэтикалық драма
7 қазан. сағат:18.30
Қойылымның авторлары: «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, драматург Мадина Омарова
Қойылымның режиссері – «Асанәлі» сыйлығының иегері Гауһар Адай
Қойылымның суретшісі – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Гүлдана Алина
Жанры: поэтикалық драма.
Жүру уақыты: 1сағат
Өтетін орны: : Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38.
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АННАТОЦИЯСЫ:
1986 жыл ызғарлы қыс. Елдің ертеңі үшін ереуілдеткен жастардың әрекетін азғырушылар алдында адуынды Ақын. Таптаурын тақырып, жаттанды сөзден ауытқып, тұтас ұлттың тарихын қызғыштай қорыған рухты Ақын.
Қойылым Жұбанның Колбин алдында шыңғыртып тұрып шындық айтатын, туған халқы үшін ұлттық державаға қасқайып қарсы шығатын жиналыс сәтінен бастау алады. Ақын бойына дарыған батырлықтың бастауы, өзгелерден оқ бойы озық тұруының сыры, асқақ рухының түпнегізі балалық және бозбала шағымен, ересек өмірмен астасып сипатталады.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Жұбан — ҚР Мәдениет саласының үздігі Теміржан Матаев
София – ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанаргүл Құрманғалиева
Жұбанның анасы Зеріп – «Парасат» орденінің иегері Нұрлыгүл Жұбатова
Бала Жұбан – Рауан Таймас
Ақын Жұбан- Құралбек Қатшаев
Жұбанның әкесі Молдағали- «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жасқайрат Валиуллиев.
Әйел- ҚР Мәдениет саласының үздігі Эльмира Мақашева
Жабас бай — «Өнер Саласының Үздігі» төсбелгісінің иегері Жылқыбай Жұбатов
Кемпір — ҚР Мәдениет саласының үздігі Хорлан Шамелова
Басшы – ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржігіт Сейтмаханбетов
Шал — ҚР Мәдениет саласының үздігі Салауат Түменов
Құбаш – «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері Жамбыл Заев
Көпшілік сахнада – театр артистері
«СЕНІ САҒЫНДЫМ»
психологиялық драма
8 қазан. сағат:18.30
Қойылымның авторы: Орыс драматургіАлександр Володин /ауд.А.Маимеров/
Қойылымның режиссері – Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының бас режиссері, Өнертану магистрі Алмат Шарипов
Қойылымның суретшісі – «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мұрат Мамбетов
Жанры: психологиялық драма.
Жүру уақыты: 1сағат 30 мин
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38.
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ:
Өмірдің сұрағы – көп, жауабы – аз. Жанып сөнетін жалған-дүниенің жұмбағын шешкен жандар бар ма екен? Кездесу, сосын қоштасу… Ессіз сүю, жек көру… Шаттану, кейін қайғыру… Сағыну… Жылдар жылжып, айлар ағып өте береді. Сіз де, сол жүйрік-уақыттың арасында шаң қауып қалған жоқсыз ба?
Ажырасуға бел буған сегіз отбасының тағдыры жайындағы қойылымда адамдар арасындағы ұлы сезім – махаббаттың отбасылық өмірде талай сыналатынына куә боласыз.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Катя – Жадыра Бектембаева
Митя – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жасқайрат Валиуллиев
Судьялар— Қазақстанның халық артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлжиян Шынтемір,
ҚР Мәдениет саласының үздігі Айнұр Вахитова
Козлов – Азат Мыңбаев
Козлова –«Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Наргиз Шадыева
Ирина – Самал Имангалиева
Бейтаныс әйел – ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Амандықова
Керилашвили – Ғаділ Амандық
Керилашвили – «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Назгүл Батанова
Лариса әкесі — ҚР Мәдениет саласының үздігі Талиғат Жігеров
Валера – Рауан Таймас
Никулин – «Құрмет» орденінің иегері Мұсағали Бектенов
Никулина – ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанаргүл Құрманғалиева
Беляев – Аманжол Сатқанбаев
Беляева – «Өнер Саласының Үздігі» төсбелгісінің иегері Айгерім Сағаденова
Беляевтың көңілдесі – Ботагоз Сарсенова
Миронов — ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржігіт Сейтмаханбетов
Миронова — ҚР Мәдениет саласының үздігі Эльмира Макашева
Шумилов — ҚР Мәдениет саласының үздігі Айдар Жарылғапов
Шумилова — ҚР Мәдениет саласының үздігі Анаргүл Құсаинова
«МҰҚАҒАЛИ НҰРҒИСА» драма
9 қазан. сағат:18.30
Қойылымның авторы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлы
Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов
Қойылымның суретшісі – «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мұрат Мамбетов
Жанры: драма.
Жүру уақыты: 1сағат 35 минут
Өтетін орны: : Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38.
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ:
Бұл драма әр қазақтың дерлік аузында жүрген ән-жырлардың шығу тарихы, шығармашылық тандемнің қалыптасуы туралы сыр шертеді, өнер алыптарының аралас-құралас тірлігін көз алдымызға алып келеді
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Нұрғиса — ҚР Мәдениет саласының үздігі Теміржан Матаев
Мұқағали – «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жылқыбай Жұбатов
Дариға — ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Амандықова
Милиционер — ҚР Мәдениет саласының үздігі Салауат Түменов
Домбырашы – «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері Жамбыл Заев
Майгүл — ҚР Мәдениет саласының үздігі Айнұр Вахитова
Хатшы-«Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегеріНаргиз Шадыева
«РЕВИЗОР» комедия
10 қазан сағат: 18.30
Қойылымның авторы: Н.В.Гоголь /М.Әуезов/
Қойылымның режиссері –XXVII республикалықтеатр фестивалінің гран при иегері танымал режиссер, театр және кино актері Данияр Базаркулов
Қойылымның суретшісі – Алексей Говязин
Жанры: комедия
Жүру уақыты: 2 сағат
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38.
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ:
Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясы қай жыл, қай ғасыр болмасын өзінің өзектілігін жоймаған классикалық туынды. Қойылымда қоғамдағы жемқорлық пен жауапсыздықты, адамдардың жалғандық пен өзін-өзі алдауды қалай меңгергенін, сондай-ақ шенеуніктер мен билік иелерінің абыройын сақтап қалу үшін кез келген амалға баратыны қазіргі уақытқа лайықталып көрсетіледі. Спектакльдегі оқиғалар күлкі мен қайғының шекарасында тұрғандықтан, жанры көрерменнің өз таңдауында.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Антон Антонович /Дуанбасы/- Азат Мыңбаев
Хлестаков — «Дарын» Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жасқайрат Валиуллиев
Лука Лукич Хлопов- Құралбек Қатшаев
Аммос Федорович /Ляпкин-Тяпкин/— «Өнер саласының үздігі» Жылқыбай Жұбатов
Артемида Филипповна /Земляника/— ҚР Мәдениет саласының үздігі Эльмира Макашева
Иван Кузьмич Щепкин- Рамазан Камешов
Анна Андреевна /Дуанбасының әйелі/-«Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Наргиз Шадыева
Мария Антоновна /Дуанбасының қызы/- Наргиз Габдылгазизова
Петр Иванович /Добчинский/ — ҚР Мәдениет саласының үздігі Асылжан Жакин
Петр Иванович /Бобчинский/— Ғаділ Амандық
Осип- Ерсұлтан Мурзагалиев
Охрана— ҚР Мәдениет саласының үздігі Салауат Түменов,
Аманжол Сатқанбаев
Полиция— ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржігіт Сейтмаханбетов
«ЖАЛҚАУДЫҢ ЖЫРЫ» ертегі
7,9 қазан күндері сағат: 11.00
Қойылымның авторы: Айдана Аламан
Қойылымның режиссері – Ринат Сабыргалиев
Қойылымның суретшісі – Юля Довгань
Жанры: ертегі
Жүру уақыты: 45 минут
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ:
Әлемдегі ең жалқау, еріншек, ұйқышыл бала Жігер. Оның түзеліп, еңбекқор адамға айналуына кімдер себеп болды? Жігердің басынан кешкен оқиғаларына құралған ертегі балаларды тек жақсылыққа жетелейді.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Жігер- Аманжол Сатқанбаев
Абылай – Абылай Максим
Кітап- Аслан Сарсенбиев
Смарт сағат-Ақжол Ихсан
Андроид –Құдайберген Хамитов
Тіс щеткасы- Нұржиян Хасанова
Нан- Раушан Бақытжан
Асық- — Рауан Таймас
Сөмке-Самал Имангалиева
Доп- Ботагөз Сарсенова
« МЕН ЧЕМПИОН БОЛАМЫН » /ертегі/
8,10 қазан күндері сағат: 11.00
Қойылымның авторы: Қазақ сатирасының классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері Оспанхан Әубәкіров
Қойылымның режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі Самал Абуов.
Қоюшы-суретші: Юля Довгань
Жанры: ертегі.
Жүру уақыты: 50 минут.
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы. Абылайхан даңғылы 38
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АННАТОЦИЯСЫ:
Оспанхан Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» туындысы бойынша сахналанған «Мен чемпион боламын!» ертегісі балаларға салт-дәстүрді дәріптеу арқылы жалқау болмауға, ұялы телефонға телмірмеуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелейді.Әбден ұйқыға батқан Қожа, жалқаулықпен достасып, ештеңеге зауқы болмай, маубас, еріншек болады. Оның құрбысы Алтыншаш пен Спорт ағасы себепші болып үлкен жетістіктерге жеткізеді. Қожа бір кезде жаман әдеттен арылып , таңғажайып сәттерді басынан өткізіп , спортты таңдап ата – әжесін қуантады. Оқиға қалай өрбиді, балалар қандай жаман әдеттен сақ болу керек екен?
Қожа- Ерсұлтан Мурзагалиев
Алтыншаш — Наргиз Габдылгазизова
Кемпір — «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Назгүл Батанова
Шал — ҚР Мәдениет саласының үздігі Асылжан Жакин
Жалқаулар— Ақтілек Шалабаева, Назерке Есенова
Спорт — Ғаділ Амандық
Рэфер—
Ринг-Герз — Алмагүл Жантурина, Дильназ Қуанышалиева
Сойқан- Құдайберген Хамитов, Рамазан Қамешов