GRECO Қазақстандағы жемқорлық туралы баяндама жариялады

Еуропалық кеңестің шеңберінде жұмыс істейтін GRECO Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғаш рет баяндама жариялады. 

 

Баяндамада еліміздің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталаған шараларда Еуропалық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын сақтауы көрсетіледі. Атап айтқанда, тәуелсіз болуына, өкілеттігіне, қаражаттарына қарамастан сыбайлас қылмыстарды ескертуге жауапты ұлттық органдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша тергеуге тарту және сот қудалауына иммунитеттер беріктігі және оның қолданылу аясы, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді бұғаттау және тәркілеу мүмкіндіктері, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілігі де бағаланған.

Олар баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің саяси күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін қанағаттанушылықпен қабылдайтындарын айтқан. Бұл есептік кезеңде қабылданған заңнамалық және институционалдық шаралармен расталатынын жеткізген. Дегенмен «ұсыныстардың көпшілігі билік тарапынан неғұрлым батыл іс-қимылдарды талап ететіні де» атап өтіліпті.

Сондай-ақ GRECO Қазақстан біріккен бірінші және екінші раундтарының қорытындыларында түзілген бағалау баяндамасында қамтылған 27 ұсынымның төртеуін қанағаттанарлық түрде орындады немесе қанағаттанарлық түрде ескерді деген қорытындыға келген. Орындалған ұсынымдар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты мәселелер бойынша прокурорлар мен судьяларды даярлау деңгейін арттыруға; қылмыстық кірістерді қадағалау және түпкілікті бенефициарлық иелерді анықтау тетіктерін нығайтуға, дәлелдеу ауыртпалығын қайта қарауға; мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы Әдеп кодексін одан әрі егжей-тегжейлі нақтылауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелер туралы салық органдарының хабардар болу деңгейін арттыруға қатысты болған.

Бұдан бөлек, ұйым Қазақстан билігінен 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін орындалмаған ұсынымдарды орындау бойынша қосымша ақпарат беруді сұратып отыр.

 

Related posts

Құрылыс жүрген жолдың 4 шақырымы жарамсыз

editor

«ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

АСТАНАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы