ГИРЕСУНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСЕДІ

 

2026 жылдың 7 қаңтарында Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Гиресун университетінің Тиреболу Журналистика факультетінің студенттерімен кездесіп, Қазақстан географиясы, туризмі, Түркітілдес журналистер қоры, Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі туралы баяндама жасайды.

Кездесу Түркітілдес журналистер қорының серіктесі — Гиресун журналистер одағының төрағасы Бекир мырзаның ұйымдастыруымен өтеді.

“Түркітілдес журналистер қорының түркі әлеміндегі журналистика мен PR саласындағы арналған жоба-жоспары көп. Мысалы, биыл 7-рет өткізілетін Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы, семинар-тренингтер, вебинарлар, пресс турлар, конференциялар т.б. биылдан бастап PR саласы да қосылады. Мақсатымыз — жас мамандардың білім-білігін арттыру”,- деген Нәзия Жоямергенқызы жастармен кездесудің маңыздылығына тоқталды.

Оның айтуынша, Түркі әлемін дамытуға үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге арналған “Түркі әлемінің ең үздік әйел журналисі”, “Медиадағы ең үздік әйел” марапаттары 2026 жылдан бастап ер-азаматтар арасындағы үздіктерге де беріледі.

Биылдан бастап Қазақ журналистер арасында өткізілетін “Еркін сөз”, “Әлеумет — қоғам айнасы” сияқты байқауларды Түркі әлемінің журналистері арасында да ұйымдастырылады. Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ өкілдері бақ сынайтын байқау жеңімпаздары Алматы не Астана қаласында марапатталады.

Жастармен кездесуде журналистикамен қатар Қазақстан жайлы да ақпарат беріледі: “Түркі елдеріндегі сияқты Түркияда да жастар Қазақстанды білмейді, танымайды. Сондықтан түрік студенттерге жасайтын ертеңгі баяндамамда “Медеу”, “Шымбұлақ”, “Көктөбе”, Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Бозжыра, Каспий теңізі т.б. туралы Қазақстанның ішкі туризміне қатысты да мәлімет беремін. Бұл 95 миллион халқы бар Түркияның жастарын Қазақстанға тартуға сеп”, — деді.

Толық ақпарат: 8 (778) 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #Журналистика #кәсібидаму

Related posts

«КӨКСАРАЙ» СУ ҚОЙМАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНАДЫ

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы БҰҰ Жаһандық шартына қосылды

Назия Жоямергенқызы

Шахтада екі адам көз жұмды

editor