ФЛЕШМОБ: ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Бүгін Астана қаласында жастар мен еріктілер тобы халықты есірткі қылмысына қарсы күресуге және қаланың тазалығын сақтауға шақырып,  жаппай флешмоб ұйымдастырды.

Елордадағы «Қазақстандық күн» монументінің жанында өткізілген «Астана – есірткісіз қала!» флешмобы ізгілікке үндейді. Аталған іс-шараны жүзеге асыруға астаналық прокуратура мен білім беру мекемелерінің қолдауымен, Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мұрындық болды. Флешиобқа қаладағы түрлі оқу орындарынан 500 жас пен жасөспірім қатысты. Олар астаналықтарға тазалық пен тәртіпті сақтауға әрбір азамат жауапты екенін ескерте отырып, «Таза Қазақстан» жазуды қаз-қатар сап түзеп бейнеледі. Аталған флешмоб шеңберінде экологиялық мәдениет пен салауатты өмір салтының қаншалықты маңызды екенін түсіндіретін әрі еске салатын әртүрлі ұрандар айтылды.

Бұл флешмобтың басты мақсаты – Астанадағы өскелең ұрпаққа есірткінің өте зиянын түсіндіру, есірткінің кесірінен балалар мен жасөспірімдердің өміріне қандай қауіп төнетінін, сондықтан қатерлердің алдын алуды ұғындыру, жастарға тазалық пен жауапкершілік мәдениетін үйрету.

Астана Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Ғазизов аталған іс-шара есірткіге тәуелділіктің алдын алуға ықпал ететінін  және бұл  есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді бағдарламаның бір бөлігі екенін айтты: «Біздің флешмобымыз «Таза Қазақстан» ұлттық акциясына орайластырылған және тұрақты профилактикалық жұмыс аясында өткізіледі. Біз елорда жастарын барынша қамтуға тырысамыз, балалардың бойында тазалық деген не екенін саналы түрде түсінуге тырысамыз. Мұндай іс- шаралар оқушылар үшін пайдалы, өйткені олар маңызды құндылықтарды қалыптастырады: жаман әдеттерден бас тарту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау және белсенді азаматтық ұстаным».

Жастар мен аға буынға ерекше көңіл-күй сыйлаған флешмобтан кейін полиция қызметкерлері сенбілікті орталық саябақта жалғастырды.

Аталған шара жасөспірімдер мен жастардың жан саулығы мен тән саулығын сақтауға әрі өмірдегі жағымды өзгерістерге қалай әсер ете алатынын көрсеткен үлгі болды. Флешмобта мектеп қабырғасында білім алатын оқушылардың көп болуы бұғанасы қатпаған болашақ ұрпақты жақсылыққа үндеуге, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, Қоғамды дамытуға үлес қосатын тұлғаларды тәрбиелеуге таптырмас тәсіл екенін көрсетеді.

Түркітілдес журнадистер қоры.

 

Related posts

Орман қызметкерлері айлықсыз жұмыс істеген

editor

Ташкентте ШЫҰ туристік форумы өтеді

ttjk

МАРАШ БАЛМҰЗДАҒЫ мен ИРМИК ХЕЛВАСЫ

ttjk