Экс-шенеуніктің ұлы шешесін ұрып-соққан

Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты бұрын осы шаһарды  басқарған марқұм Шаймерден Оразалиновтың ұлы Әбіл Оразалиновқа қатысты үкім шығарды. Ол 78 жастағы туған шешесін аяусыз ұрып-соққан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары У-ды 1946 жылы туған анасы К-нің денесін әдейі жарақаттап, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін және дәрменсіз күйде қалдырғаны үшін ҚК 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тақты. Сот хабарламасында көрсетілгендей, сотталушы У анасымен жалжалдасып, оның басынан, денесінен ұрып, тепкен. Салдарынан кейуананың миы шайқалған, беті жарақаттанған, қабырғалары мен омыртқасы сынған.

Әбіл Оразалинов істеген ісі үшін еш өкінбеген. Сот оны 3 жылға соттап, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге үкім шығарды. Сонымен қатар, сотталушыдан 1 млн теңге көлемінде моральдық зиян сомасы, сондай-ақ адвокаттарға төленген шығындар өндірілді Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Күдіктінің әкесі Қарағандының әкімі, бірнеше рет Мәжіліс депутаты болған Шаймерден Оразалинов. Экс-шенеунік 2019 жылы 77 жасында дүние салған.

Related posts

Электр энергиясының бағасы қымбаттайды

editor

34 млн теңгені жымқырған үш бухгалтерге сот үкімі шықты

editor

«Қарызсыз қоғам»: 6 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық сабағынан өтті

ttjk