Импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін Үкімет қаржылық қолдаудың жаңа құралдарын қолданады. «Инвестицияға тапсырыс» тетігін енгізу және «Бәйтерек» холдингін 1 трлн теңгеге дейін капиталдандыру жөніндегі жоспарлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Оның айтуынша, экономиканың нақты секторы шамамен 8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі.
Инфляцияға себеп болатын базалық тауарлар тапшылығын жоюды көдейтін Үкімет жергілікті нарықтағы азық-түлік саласында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалды. 2030 жылға дейін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы шамамен $100-120 млрд сомаға өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру жоспарланған.
«Ішкі нарықты отандық тауарлармен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде инфляциялық қысымның негізгі себептерінің бірі – тұтыну және тұтыну емес сегменттерде отандық өндірістегі бірқатар базалық тауарлардың тапшылығы. Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету. Экономикалық өсудің проактивті саясаты Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, экономиканы индустрияландыру мен әртараптандырудың негізгі құралына айналады», — деді Серік Жұманғарин.
