Екі өңірдің оқушылары қашықтан оқиды

Қазақстанның екі облысы Павлодар және Қостанай облысының екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды. 

Екібастұзда ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-4-сынып оқушыларының сабақтары онлайнға көшірілді. Павлодар облысында 21 қаңтарда қар жауып, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғуына байланысты ескерту жасалды. 22 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде және шығысында қалың қар жауады, боран соғады, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Қостанай облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Қостанай мектептерінде екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Қостанай облысында 21 қаңтарда қарлы боранға байланысты ауыл мектептері де қашықтан оқытуға көшті. Жітіқара ауданында 1-11-сынып оқушылары мектепке бармайды. Облыстың бұл аймағында жел күшейіп, қарлы боран соғады. Меңдіқара ауданы мен облыстың оңтүстік өңірлерінде де екінші ауысымдағы студенттердің сабақтары онлайн форматқа ауысты.

Related posts

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖАЙЛЫ САУАТТЫ АРТТЫРУ ЖОБАСЫ

Назия Жоямергенқызы

Кулинарные сцены Измира и Бодрума блестяще вошли в путеводитель MICHELIN 2024 по Стамбулу, Измиру, Бодруму

Назия Жоямергенқызы

Мың құбылған доллар бағасы

editor