Донер үшін дүрбелең болды

Астанада дөнерге талон таратқан мекеме иесіне айыппұл салынды. Ақпаратты елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елордадағы Шұбар ықшамауданында халықтың көптеп жиналып, дүрбелеңге түскенін көрсететін видеолар пайда болды.

Instagram-дағы жазбалардың бірінің авторы бір жерге төрт мыңға жуық адам жиналғанын алға тартқан. Полицияның берген мәліметіне сенсек, 25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен жеңілдікпен дөнер алуға арналған талондарды тарату кезінде халық жаппай жиналып, дүрбелең болған.

«Жағдайды реттеу және дүрбелеңді басу үшін полиция қызметкерлері мен Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері келді. Полицейлер іс-шараны ұйымдастырушыларды анықтады», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Related posts

Еліміздегі үш жоғары оқу орнының ректорлығына үміткерлер мақұлданды

Назия Жоямергенқызы

COVID-19: ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ОНЛАЙН ФОРУМЫ

ttjk

VI ТҮРІК КИНОСЫ АПТАЛЫҒЫ

ttjk