Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы ДЭФ сессиясы аясында ірі энергетикалық компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 28-29 сәуірде Эр-Риядтағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) халықаралық ынтымақтастыққа, өсу мен энергетикаға арналған арнайы сессиясына қатысты.
Іс-шара мемлекеттік және жеке сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғамның 1000-нан астам әлемдік көшбасшыларын халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және өсу мен дамуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді шешу бойынша елдер арасындағы диалогқа жәрдемдесу мақсатында жинады.
Іс-шара аясында Алмасадам Сәтқалиев «энергетика саласындағы даму мақсатында іс-қимылдарды жандандыру» панельдік сессиясына қатысты. Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігінің басшысы ханзада- Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Абдулазиз әл Сауд, ОПЕК Бас хатшысы Хайтам Әл Гаис (Haitham Al Ghais), ACWA Power Төрағасы Мұхаммед Абунаян (Mohammad Abdullah Abunayyan), сондай-ақ бірқатар халықаралық мұнай-газ компанияларының өкілдерімен кездесті.
ОПЕК Бас хатшысымен кездесуде ОПЕК+ келісімдері шеңберінде уағдаластықтарды іске асыру талқыланды, сондай-ақ тараптар мұнай нарығында тұрақтылықты сақтау мақсатында келісілген іс-қимылдарды қолдану қажеттілігі туралы өзара түсіністікке қол жеткізді.
Форум аясында энергетика министрі «Chevron» компаниясының халықаралық барлау және өндіру жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті.
Кездесуде тараптар Теңіз кен орнын игеруге, Қарашығанақ кен орнын игеруге қатысты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды және басқа да мәселелерді талқылады.
Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы республика Үкіметінің Теңіз кен орнын игеруге ерекше назар аударып отырғанын атап өтіп, болашақ кеңейту жобасын және ұңғыма сағасындағы қысымды басқару жобасын (ПБР/ПУУД) уақтылы іске қосуды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар мұнай мен конденсат өндіруді жылына 11 млн. тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған Қарашығанақ кен орнын игеру қарқынына қанағаттанушылықтарын білдірді.
«Chevron» компаниясының Президенті Қазақстанмен қолданыстағы және перспективалы бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту бойынша жұмыс істеуге дайын екенін растады.
А. Сәтқалиев сондай-ақ «Acwa Power» компаниясының төрағасы Мұхаммед Абунаян мырзамен кездесу өткізді, ол әңгіме барысында Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құруға қызығушылық білдірді.
ҚР Энергетика министрі Қазақстанның Батыс Қазақстанның энергожүйесін бірыңғай энергожүйемен қосу жөніндегі жоспарларын ескере отырып, бұл жоба өте перспективалы болып көрінетінін атап өтті.
Сонымен қатар, Компания елде тұзсыздандырылған БГҚ жобаларын жүзеге асыруға жоғары қызығушылық танытуда. Жасыл сутектің дамуын зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, «Acwa Power» қазақстандық компаниялармен пилоттық жобаларды қарастыруда.
Сондай-ақ, «Acwa power» басшысы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға қолдау көрсетуге уәде берді