ҰБТ: БИЫЛҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР мен ӨЗГЕРІСТЕР

Кеше Ұлттық Тестілеу Орталығының басшысы Смағұлов «Қазақстан» телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында биыл Ұлттық Біріңғай Тестілеу қалай өткізілетінін түсіндірді: «Әлемдік пандемияға байланысты сақтық шаралары қатаң түрде жүзеге асырылады. Сынақ тапсыратын түлектерде міндетті түрде бетперде және қолғап болуы шарт және дене қызуы өлшеп кіргізіледі». Оның айтуынша, арнайы аудиторияда отыратын түлектер саны үш есеге қысқарып, он адаммен шектеледі. Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеудің жылдағы тесттен ерекшелігі: егер түлек тиым салынған заттар не құралдарды пайдалануға тырысса, тест тапсыру мүмкіндігінен айрылады. Биылғы жаңалық: ҚР Білім және ғылым министрі жас түлектерге емтихан барысында калькулятор қолдануға рұқсат етті. Ұлттық біріңғай тестілеу жылдағыдай маусым айының ортасында басталады. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы биылғы сынақ  100 пайызға әділ өтеді деп кепілдік беріп отыр.

Гүлсезім Қуанышбаева.

Related posts

Турнир на Кубок Начальника Специализированного лицея «Арыстан»

ttjk

ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ — АЗАТТЫҚ ШАЙҚАСЫ

Назия Жоямергенқызы

HALYK BANK ЕЛІМІЗДЕ ІТ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

ttjk