«Болашақ» бағдарламасына түзету енгізіледі

Бүгін Сенат депутаттары «Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетулерді бірауыздан мақұлдады.

Жаңа түзетулерге сәйкес, «Болашақ» бағдарламасына қатысу ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілмек.

«Қазіргі уақытта бакалавриатты қайтару туралы шешім қабылданды (яғни «Болашақ» бағдарламасына — еск.), бұл бакалавриат деңгейінде тек олимпиадаларда жеңіске жеткен балаларды қолдау үшін жасалып отыр», деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Шетелде оқу мүмкіндігі олимпиада пәніне сәйкес келетін мамандық бойынша беріледі.

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіптің айтуынша, дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында ғылыми жобалар бойынша халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурссыз мемлекеттік білім беру гранттарын ұсыну нормасы қарастырылып отыр.

Related posts

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады

Назия Жоямергенқызы

Бес мың гектар алаңды шарпыған табиғи өрт ауыздықталды

editor

Қазақстанда тұңғыш рет мобильдік қосымшаға арналған онлайн курс іске қосылды

editor