Білім олимпиадасын жеңген оқушыға 5,5 млн теңге сыйақы беріледі

Оқу-ағарту министрлігі халықаралық білім олимпиадаларында жеңіске жеткен оқушыларға  қомақты сыйақы төлейді.

Дереккөзге сүйенсек, жеңімпаз оқушыға төленетін сыйақы көлемі – 5,5 млн теңге. Министрліктің мәліметінше, әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадада жүлделі орын алған 26  оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.

Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленген. Талантты оқушыларды қолдау мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жүлделі орындарды иеленген оқушыларға және оларды дайындаған педагогтерге мемлекет тарапынан біржолғы сыйақы тағайындалған. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады. Ал алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде, күміс медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде, қола медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде беріледі. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез-келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.

Related posts

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

ttjk

Информатика пәнін қалай қызықты өткіземіз?

Назия Жоямергенқызы

«IITU Robocon Games» чемпионаты

Назия Жоямергенқызы