Түркітілдес журналистер қоры мен «BILGEN» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы біріге отырып, жас ұрпақты журналистика саласына бейімдейтін əрі ұлттық құндылықтарды бойға сіңіретін «BILGEN-DARA BOL» жобасының Келісімшартына қол қойып, Ережесін бекітті. «SERPIN» Ұлттық Білім Инновациялық Палатасы қолдау көрсететін бұл жобаға Қазақстанның ауыл-аймақтарындағы 2-11 сынып оқушылары түгел қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін қатысушылар арнайы ашылған порталға тіркеліп, Байқау түрінде өтетін «BILGEN-DARA BOL» жобасының басты тақырыптарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мəселелер негізге алынады. Бес кезеңді қамтитын Байқаудың республикалық деңгейдегі төртінші кезеңінде үздік материалдарды елімізге танымал журналистер қауымы сарапқа салады. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астана қаласында өткізіледі, бұйыртса. Ал Қазақстан, Түркия, Əзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. түркі елдерінен оқушылар қатысатын халықаралық деңгейі — бесінші кезеңде қазақ журналистермен бірге əлемдік БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер қазылық етеді. Жоба туралы толық ақпарат Түркітілдес журналистер қорының
ресми сайты www.ttjk.kz жəне «BILGEN» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының ресми сайты www.bilge.kz жарияланады. Қатысушылар «BILGEN-DARA BOL» байқауы туралы толық ақпаратты арнайы ашылатын Call Centre арқылы алады.
Түркітілдес журналистер қоры 2018 жылдың қыркүйегінде еліміздегі мектеп жасындағы балаларды журналистика саласына бейімдеу, шешендік өнер мен көсемдік қасиетті меңгеру, өз өзіне деген сенімділікті қалыптастыру мақсатында Қордың жанынан Жас журналистер мектеб9ін ашты. Бүгінде аталған Мектепке жаңаоқушыларды іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Толық ақпаратты 8778 878 3408 нөмірі арқылы білуге болады.
Нәзия Жоямеренқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, www.ttjk.kz