Бала асырап алушыларға талап күшейтіледі

Бүгін Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан Сенаттың жалпы отырысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды жоспарлап отырған үміткерлерге қойылатын талаптарды қатайту жоспары жасалып жатқанын жеткізді.
Депутат Нұрия Ниязова Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында жарияланған мәліметтерді алға тартты. Оның айтуынша, балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың 99 пайызын ер адамдар жасайды.Бұл заңда қорғаншылық, патронаттық тәрбие және бала асырап алу институттарын нығайту мәселелері Конституциялық Соттың қаулысын ескере отырып қарастырылмағанын көрсететінін жеткізген ол: «Осыны ескере отырып, министрлік ерлі-зайыптыларға бала асырап алуға басым құқықтарды беру мәселесін қарастырып жатыр ма? Бала асырап алу, қорғаншылық, патронаттық тәрбие институтын күшейту, үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейту бойынша Білім министрлігінің қандай жоспарлары бар?», деп сұрады.

Вице-министр 23 шілдеде қабылданған Конституциялық Соттың нормативтік қаулысын іске асыру шеңберінде министрлік жетім балаларды тәрбиелеуде ерлі-зайыптылардың басымдығын қамтамасыз ететін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлегенін айтты. «Сонымен қатар үміткерлерге қойылатын талаптарды қатайту бойынша шаралар кешені әзірленді – бұл бала асырап алушылар мен асырап алушының жас айырмашылығын анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңартып отыру сияқты талаптар. Асырап алушылар үшін міндетті психологиялық диагностика да, аккредиттелген ұйымдар арқылы оқыту да. Олар кәсіби патронаттық отбасылар сияқты әрекет етеді. Бүгінде бұл түзетулерді мемлекеттік органдар мақұлдап жатыр, түзетулер пакеті Парламентке жіберіледі», деді ол.

 

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізді

editor

20 Must Visit Hong Kong Attractions & Travel Guide

ttjk

Чешме: чудо природы в самом сердце Эгейского моря

Назия Жоямергенқызы