ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТҮРІКШЕГЕ АУДАРЫЛДЫ

Анкара қаласы Кечиөрен ауданының бастамасымен, қазақ жазушылардың шығармалары түрік тіліне аударылды.

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада 5 қазақ жазушысының түрік тіліне аударылған шығармаларының тұсаукесері болды. Аталған шығармаларды түрікшеге аударуға Анкара қаласы Кечиөрен ауданы мен Түркиядағы Қазақстанның Елшілігі мұрындық болған. Салтанатты шараға Кечиөрен ауданы губернаторы Мұстафа Ак бастаған анкаралық делегация қатысты.

Түрік тіліне аударылған туындылар арасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» , Спандияр Көбеевтің «Қалыңмалы», Міржақып Дулаттың «Бақытсыз Жамалы», Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелігі», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасы» бар.

Кечиөрен губернаторы Мұстафа Ак мырзаның айтуынша, Қазақстан Ұлттық кітапханасымен бірлесе отырып, бірнеше тарихи-әдеби шығарма түрікшеге аударылатын көрінеді.

Түркия Мемлекетінің Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз бей бүгін тұсауы кесілген 5 туындының ендігі түрік оқырманына жол тартқанын жеткізді:

«Қазақ пен түрік – бауырлас халық. Екі елдің ақын-жазушыларының шығармашылығын бір-біріне таныту арқылы тарихи және рухани бірлігімізді күшейтеміз. Осы мақсатта, бірнеше түрік жазушысының туындылары қазақшаға аударылды. Қазақстанның латын әліппесіне көшуге шешім қабылдауы да – тілі, ділі, діні бір түркілердің бірлігін нығайтуға сеп».

Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.  www.ttjk.kz

Related posts

«ЭСКПО-2017»: ресми тасымалдаушы — «ЭЙР АСТАНА»

Назия Жоямергенқызы

#ITeachMe2.0 Хакатоны

Назия Жоямергенқызы

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

editor