Қазақ тілі интеграцияланған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды  

Алматыда қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды. 

Алматыда Kazakhstan Mobility Engineering қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды. Кәсіпорын Оңтүстік Кореялық Motrex Co Ltd серіктесінің технологиясы бойынша жұмыс істейді.

Жаңа өндірісті іске қосу Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында белгіленген мақсаттарға жауап береді. Өнеркәсіптік әлеуетті толыққанды ашу үшін отандық шикізат пен компоненттерді пайдалануды қоса алғанда, жүйелі тәсіл қажет. Автоөнеркәсіптің өсуі Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуда, сондықтан өндірістік үдерістерді локализациялау мен тереңдетуді бірлесіп дамыту маңызды. Зауытты іске қосу – жоғары деңгейде қайта өңдеуді игеру және ірі өнеркәсіптік нысандардың айналасында іргелес өндірістерді құру қадамдарының бірі. Кәсіпорын «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді.

«Мультимедиялық жүйелер – бұл жоғары дәлдіктегі өндіріс, ол цифрлық технологиялар саласындағы, инженерлік саладағы бірінші дәрежелі мамандардың құзыретін талап етеді. Біздің басты мақсатымыз – локализацияның жоғары үлесі бар өндіріс циклін құру. Біз отандық шикізат пен компоненттерді барынша пайдаланатын боламыз. Сондықтан Kazakhstan Mobility Engineering еліміз үшін маңызды мәнге ие», деп атап өтті Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев зауыттың ашылу салтанатында.

Kazakhstan Mobility Engineering зауыты Алматының индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын 100 мың шаршы метр аумақта автокөлік бөлшектерін шығаратын ірі технопарктің құрамына енеді. Аталған жоба өндірісті локализациялауға және қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға бағытталған. Сондай-ақ Алматы индустриалды аймағы аумағында автокреслолар, автокөліктерге арналған резеңке және пластик бұйымдарын шығаратын зауыттар мен логистикалық хабты іске қосу жоспарланып отыр. Барлық технопарктің техникалық өндірістік қуаты жылына шамамен 100 мың жиынтықты құрайды. Кластер аумағында 90-нан астам маман жұмыс істейді, ал бүкіл өндірістік кешен қызметкерлерінің штаты шамамен 400 адамға жетеді деп күтіледі.

Related posts

Педагогикалық білім беруге мән берілуде

Назия Жоямергенқызы

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ АРТҚАН

ttjk

ÇATALHÖYÜK INTRODUCES STATE-OF-THE-ART VISITOR CENTRE

Назия Жоямергенқызы