ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Қазақстан табиғаты өзінің ерекшелігімен таң қалдырады. Ол ұлан-ғайыр даласымен, мешіттердегі алтын күмбездерімен, Балқаш көлінің көгілдір беті және Астана қаласындағы заманауи ғимараттарымен кез-келген саяхатшыны қызықтырады. Ұлы Жібек жолындағы қалалар мен Байқоңыр ғарыш айлағы да Қазақстан жері. Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан, географиялық жағдайы қолайлы еліміздің табиғаты екі континенттегі табиғаттың ең көркем жерлерін иеленген симбиозға айналды.

Бір жағынан, заманауи ғимараттарымен тез дамып келе жатқан қалалар, бар, екінші жағынан, Қазақстанның сол қалпындағы табиғаты, шөлейт жерлері, көне қалалары, әдемі, альпілік ландшафттары. Бұнда көшпенділердің киіз үйлерімен танысуға, бие сүтінен жасалған «қымызды» ішуге, тіл үйіретін ұлттық тағамдарынан дәм татуға, ауруларға мың да бір ем таза ауасымен тыныстауға, ерекше әдемі тау пейзаждарын көруге болады. Мысалы, Қазақстанның биік таулы кластерін ең тартымды табиғат көріністерінің бірі деп атауға болады.

Коронавирустық пандемияға байланысты соңғы жылы Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дамуда, яғни ем алатын жаңа жерлер мен ресурстардың ашылуына әкелді. Белсенді демалыс, тауға шығу, атқа міну, ежелгі тарихи орындарға саяхаттау туристерді қаншалықты тартқанмен, курорттық демалыс әрқашан ең танымал және сұранысқа ие.

Қазақстан табиғаты саяхатшылардың елімізге деген қызығушылығының басты себебі, бұл жерде  сәулет мұрасы да өзіне назар аудартып отыр.

Бүкіл әлемде экотуризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың яғни ұлттық парктер мен қорықтар жанында белсенді дамуда. Шынымен де, жабайы табиғат оазисі сол жерлерде жақсы қорғалады, адамдар белгілі бір жұмыстарды жүзеге асырса да, ол жерлер қоғалатын болғандықтан, қатаң тәртіппен реттелген.

Қазақстанда ерекше, қорық аумақтары өте көп екені сөзсіз.

Біз сіздерге ұлы суретшілердің қаламынан шыққандай Қазақстанның ондаған ерекше әдемі жері туралы материалдар дайындадық. Мұнда сіз керемет әдемі фотосуреттер жасай аласыз, сондықтан сіздің қолыңызда қандай да бір камера болса, ол сіздің сапарыңызда үздіксіз жұмыс жасайтын болады.

Жеке саяхаттау – бұл жаһандық пандемия әсерінен туризмде туындаған жаңа тренд. Аумағының кеңдігінен әлеуметтік қашықтық аса байқалмайды, халық тығыздығының төмендігі мен табиғи парктердің көптігін ескере отырып, Қазақстан жеке саяхаттаулар үшін ерекше жер болып табылады.

Қазақстандық виза

Турист өзінің туристік сапарлары кезінде және оларға дайындық кезінде (ішкі және шетелдік туристер үшін бөлек) болуы керек құжаттар туралы қысқаша мәлімет.

Шетелдік қонақтардың Қазақстан Республикасы аумағына кіруі және шығуы мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде, паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар, қажет болған жағдайда Қазақстан визасы арқылы іске асырылады.

Қазақстан өзара визасыз сапарлар туралы жекелеген екі жақты келісімдер жасасқан елдердің азаматтарына Виза талап етілмейді. Мысалы, Ресеймен немесе Әзірбайжанмен.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан 54 елдің азаматтары үшін визасыз режимді қайта бастады.

Визасыз режим шеңберінде шетелдік азаматтар Қазақстанға туристік, жеке және қысқа мерзімді іскерлік мақсаттар бойынша бара алады. Бұл ретте іскерлік сапарлар кездесулер мен келіссөздер өткізуді, келісімшарттар жасасуды, сондай-ақ конференциялар мен форумдарға қатысуды көздеуі мүмкін.

Маңызды. Визасыз сапарлар шеңберінде шетелдіктерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Сондай-ақ, кез-келген монтаждау және жөндеу жұмыстарына тыйым салынады. Мұндай мақсаттар үшін виза қажет. Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.

Қазақстандық визаны қалай алуға болады?

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының визасы талап етілетін шетелдік азаматтар визаны екі түрлі жолмен рәсімдей алады: ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдіктері арқылы немесе электронды түрде (e-visa).

Бірінші нұсқа

Визалар ҚР Сыртқы істер министрлігімен (ары қарай – ҚР СІМ), ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелерімен және елшілік пунктерімен, аталғандары болмаған жағдайда, ҚР арнайы өкілеттілігі бар өкілдерімен беріледі.

Қабылдаушы тараптағы ұйымдардың өтініші бойынша шетелдіктерге көпретті виза берілуі мүмкін.

Екінші нұсқа. Е-visa

2019 жылдан бастап 105 мемлекет азаматтары туристік, 18 мемлекет азаматтары емдік немесе іскерлік мақсаттағы визаны электронды түрде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.

Электронды виза (іскерлік, емдік, туристік санаттағы) қазақстандық тараптың әрекеттегі шақыртуы негізінде рәсімделеді. Шетелдік турист аталған шақыртуды алу үшін, қабылдаушы тарап (туристік виза болса, тек туроператор немесе туристік агенттік) ҚР ІІМ-нің көші-қон қызметі комитетінің бөлімшелеріне сәйкес құжаттар жиынтығын тапсыруы керек. Шақыртуды растауды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні. Бұдан кейін қабылдаушы тарапқа шақырту номері беріледі. Номер электрондық визаны рәсімдеу үшін шетелдік туристке тапсырылады.

Одан кейін турист электрондық визаны www.vmp.gov.kz порталы арқылы рәсімдей алады.

Виза санаттары:

  • Туризм мақсатындағы виза (В12 санаты) бір мәрте 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 30 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
  • Іссапар мақсатындағы виза (В1 санаты) бір мәрте 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 60 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
  • Іссапар мақсатындағы виза (В2-В3 санаты) бір мәрте 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 30 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.
  • Емделу мақсатындағы виза (С12 санаты) бір мәрте 180 тәулікке дейінгі мерзімге беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында 90 тәуліктен артық емес мерзім жүріп-тұруға мүмкіндік береді.

Шетелдіктер электронды виза арқылы Қазақстан Республикасы аумағына/аумағынан кіру/шығу әрекеттерін Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғанаіске асыра алады. Туристің өз еншісінде қағазға басылған виза болуы шарт.

Қосымша ақпаратты ҚР ІІМ-нің сайтынан біле аласыз.

Қазақстан Республикасы визаларын беру және әрекет ету мерзімін ұзартуға келесі жағдайлар негіздеме бола алады:

Кіру визасын беру үшін негіздеме шетелдіктердің Қазақстанға келу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының шақыртуы бойынша – жеке мақсаттармен, іскерлік, білім алу не туризм мақсатымен келгендер Қазақстан аумағында жұмыс жасауға және келу мақсатына қатысы жоқ өзге қызметпен (ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқасы) айналыса алмайды.

Виза санаттары, олардың берілу тәртібі, әрекет ету мерзімінің қысқартылуы мен ұзартылуын ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісуімен, ҚР ІІМ мен ҚР СІМ анықтайды.

Визасыз кіру бойынша келісімі бар үшінші елге жету үшін Қазақстан аумағын транзит арқылы жүріп өтетін шетел азаматынан міндетті түрде Қазақстанның транзиттік визасы талап етіледі.

Қазақстан Республикасын автокөліктік құралдармен транзиттік жүріп өту, соның ішінде халықаралық автомобильді жүк тасымалы, тек халықаралық автомобильді қатынасқа ашық жолдар арқылы іске асады.

Шетелдіктер көші-қон полициясы органдарында тіркелу керек пе?

2020 жылдан бастап, 2019 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған Заңға сәйкес, Қазақстан аумағына 30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктер үшін міндетті тіркеу қажеттілігі жойылды. Дегенмен, қабылдаушы тарап үшін турист ел аумағына келген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін шетелдік қонақтың келгендігі жайлы хабарландыру міндеттемесі сақталады.

Ол үшін виза-көші-қон порталында келесідей әрекеттерді орындау қажет:

  • Шетелдік азамат және керек болса оның балалары жайлы мәліметтерді енгізу;
  • ЭСҚ көмегімен толтырылған өтініш формасына қол қою;
  • 15 минуттан кейін жеке кабинетте сақтаулы күйде қалатын дайын құжатты алу.

Қызмет тегін. 2014 жылдан бастап ҚР ІІМ-мен іске асырылуда.

Шетел азаматының Қазақстан аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келуі

Шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келетін болса, қабылдаушы тарап (қонақ үй, хостел, жалдамалы тұрғын үй, емдік-сауықтыру мекемесі және т.б. заңды немесе жеке тұлға) қонаққа уақытша тұруға рұқсат (тіркеу) рәсімдеуге міндетті.

Назар аударыңыз: шетелдіктерді тіркеу және Қазақстан аумағына шетел азаматының келуі жайлы хабарлау – қабылдаушы тарапқа жүктелетін екі бөлек міндет.

Eqonaq ақпараттық жүйесі

Қазіргі жағдайдағы негізгі міндеттердің бірі — туристердің келу процестерін жеңілдету үшін ақпараттық жүйелерді цифрландыру және кеңінен енгізу. «eQonaq» (eHotel) — туристерді есепке алуға, туристік ағынды талдауға және көші-қонды бақылауды жақсартуға арналған бірыңғай ақпараттық жүйе. Аталған ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 бағдарламасы шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігі Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен жүзеге асырылады.

Жүйені SmartBridge интеграциялық порталы арқылы ҚР ІІМ «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесі сервисімен интеграциялау жүзеге асырылды.

Жүйенің 6 негізгі міндеті бар:

  1. Туристік климатты жақсарту;
  2. Орналастыратын орындардың тізілімін құру;
  3. Туристің тіркелуін автоматтандыру;
  4. Көші-қонды бақылауды жақсарту;
  5. BedTax туристік жинқ инфрақұрылымын жасау;
  6. Туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру сервистері

Жүйе ел ішіндегі туристік ағымдар бойынша талдау жүргізуге көмектеседі. Қандай қонақ үйлерді және қай аймақты таңдайтынын білуге болады. Мұндай цифрлық платформалар мен қосымшалар бүкіл әлемде бар, туристік қызметтердің сапасы мен отандық қонақ үйлердің тартымдылығын арттырады.

Жүйеде туристер орналасатын арнайы орындар (қонақүйлер, жатақханалар, демалыс базалары) тіркелген сондай-ақ kazakhstan.travel.  порталында қолжетімді, ол жерде туристер бөлмелерге тапсырыс бере алады, ал брондау үшін «eQonaq» қонақүйдің жеке кабинетіне кіреді. Жүйе web-камера немесе смартфон камерасы арқылы 190-нан астам елдің паспорттарын тани алады, жүйеде туристерді тіркеудің 54% — ы осы функция арқылы жүзеге асырылады. Шетелдік туристердің келу мерзімдері заңын сақтау үшін «eQonaq» жеке кабинетінің басты бетінде көші-қон анықтамалығы ұсынылған. Нақты уақыт режимінде жүйе өңірлер бөлінісінде туристік ағын және турист портреті бойынша деректер береді, артықшылықты пайдаланушыларға қолжетімді, тіркелмеген пайдаланушылар үшін басты бетте ай сайын туристік ағын туралы нақты ақпарат бар дайджест жарияланады.

Жүйе 2020 жылдың қараша айында іске қосылды.

2022 жыл 20 шілдедегі мәлімет бойынша жүйеде 265 715 шетелдік турист тіркелді, олардың келуі туралы «Көші-қон полициясы» жүйесіне  хабарлама жіберілген. Туристер орналасқан жерлерге (қонақүйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) тіркелгеннен кейін жеке кабинеттерде немесе мобильді қосымшада хабарламаларды қабылдау туралы анықтамалар ұсынылады.

Ақпараттық жүйе пайдалануға берілген сәттен бастап Жүйені сүйемелдеу, орналастырылатын орындарында енгізу және Жүйені дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

www.ukimet.kz

Related posts

Темекі мен вейп қолдану: елордада 350-ден астам адам жазаланды

ttjk

StartUP Battle 2020 байқауының жеңімпаздары анықталды

ttjk

Türkiye de Küresel Gazeteciler Konseyi kuruldu

ttjk