Қазақстандағы су тасқыны: ТҮРКСОЙ ұйымы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді

  • Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдады.
    «Құрметті бір туғандарым, құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан басынан қиын- қыстау күндер өткеруде. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Қазақстан экономикасы үлкен салмақ түсті. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдірміз келеді. Қайғыларыңызды бөлісуге әрқашан дайын екенімізді хабарлаймыз. ТҮРКСОЙ ұйымы атынан, сондай-ақ ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан Сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда», — деді Раев.
    Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның 10-ға жуық облысында су тасқыны боп, 70 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қазақстанның Бас прокуратурасының мәлімдемесіне сүйенсек, күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.

 

Related posts

Кибира с водой, текущей из древнего фонтана

ttjk

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

«2 млн адамды ұйқысынан айыруда». Несие нарығын шұғыл реттеу керек — сарапшы

editor