Қазақстанда тірі туған 277 сәбиді өлдіге санап жіберген

Azattyq Rýhy осыдан бес жыл бұрын экс-министр Елжан Біртанов Сенаттағы бір отырыста дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырғанын мәлімдегені туралы жазған.

Денсаулық сақтау министрлігі сол жылдары Атырауда тоңазытқышта өлген сәбидің оқиғасынан кейін бүкіл перзентханаға аудит жүргізген. Бірақ орталықтан басталған тексеріске Маңғыстау облысы ғана қатыспаған. Ал олар шыны құтылардың көзін ерте жойып жіберген. Қалған өңірлердегі аудит қорытындысы перзентханадағы біраз жайттың бетін ашқан.

Сұмдығы, дәрігерлер статистиканы жақсарту үшін тірі туып, кейіннен шетінеп кеткен 277 шақалақты «өлі туды» деп жазған. Ақпараттық сайттың тілшілері осы оқиғадан кейін медицина қызметкерлеріне қандай жаза алғанын анықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдаған екен.  2019 жылы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті 2018 жылы сәбилердің өлі туу жағдайларына талдау жүргізіп, есепке алынбаған 277 ерте неонаталдық өлім-жітім жағдайын анықтапты. Есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітім еліміздің 6 өңірінде – Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Алты облыстың перзентханаларында дәрігерлер 277 сәбидің өлімін жасырған. Сұмдығы сол, олар «қылмысы» үшін жұмыстан босатылмаған, жай ғана тәртіптік жаза алған. Тірі туған сәбилерді құжат бойынша «өлтіріп қойған» дәрігерлер қазір де сол ауруханаларда істеп жүрген болуы да мүмкін екені айтылып отыр.

Related posts

«ӘЛЕУМЕТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ

editor

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді

Назия Жоямергенқызы

СТАМБҰЛДАҒЫ “АТЛАС” КИНОТЕАТРЫ МЕН КИНЕМАТОГРАФ МУЗЕЙІ   

ttjk