Қазақстанда түрік университеті ашылады

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның жетекші жоғары оқу орындарынан бірі Гази университетінің ректоры Угур Уналмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасында білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-зерттеу және академиялық байланыстарды нығайту жолдары талқыланды. Сондай-ақ тараптар Гази университетінің Қазақстанда филиалын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына ерекше тоқталып, бұл бағытта бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласып отыр.

Бұл жоғары оқу орнында Қазақстан студенттерінің санын ұлғайту және олардың қатысуымен түрлі іс-шараларды өткізу мәселелері талқыға салынып, екі елдің университеттері арасында тәжірибе алмасуды жандандыруға бағытталған нақты қадамдар белгіленді.

Related posts

Лучшие романтические каникулы для встречи Нового года в Стамбуле!

editor

Sayın Ersin Tatar Azerbaycan-Kıbrıs Dostluk Cemiyeti’ni ziyaret etti

Туркестан — это духовное созвучие, соединяющее прошлое и настоящее тюркского народа

ttjk