Қазақстанда биыл автонесие мен кепілмен берілетін қарыздарға сұраныс артты

Қазақстандағы несие беру нарығында биыл айтарлықтай өсім байқалды. Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, 2025 жылдың басынан бері экономиканы қаржыландыру көлемі 14,6 пайызға артып, 38,7 трлн теңгеге жеткен.

Кепілсіз қарыздар баяуласа, автонесие қарқын алды

Агенттік деректеріне сәйкес, халық арасында кепілсіз несие рәсімдеу қарқыны төмендеген. Мәселен, 2024 жылы бұл сегмент 29,3 пайызға өссе, биылғы тоғыз айдың ішінде өсім 12,7 пайыз деңгейінде қалды.

Сонымен бірге, автокөлік сатып алу үшін берілетін кредиттер мен кепілмен рәсімделетін тұтынушылық қарыздар айтарлықтай көбейген. Кепілді несие портфелі бір жыл ішінде 32,2 пайызға ұлғайып, 4,8 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілетін қарыздар да өсуде

Мәдина Әбілқасымованың мәлімдеуінше, кәсіпкерлерге бағытталған кредиттің орташа жылдық өсімі соңғы бес жылда 14,4 пайызды құраған.

«Бизнеске берілетін кредит көлемі бес жыл ішінде 1,7 есе артып, 14,7 трлн теңгеге жетті. Несиелеудің жалпы құрылымында шағын және орта бизнеске берілген кредиттер 44 пайызды, ірі бизнеске берілетін қарыздар 36 пайызды, ал жеке кәсіпкерлерге арналған кредиттер 20 пайызды құрайды», – деді агенттік басшысы.

Ақпарат: Nur.kz

Фото: Nur.kz

Related posts

Fine dining in Turkiye

ttjk

Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде атап өтілуде

Елордада экс-премьердің атына көше берілді

editor