ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҚТЫ

Алматы полиция департаменті қазіргі таңда интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін мәлімдеуде

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха: “2023 жылдан бастап Қазақстанда 13 мыңнан астам азамат интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шегіп, 11,3 млрд теңге жоғалтқаны туралы”,- мәлімдеді.

Алаяқтар, жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

«Күдіктілер зиянды сілтемелер арқылы жәбірленушілердің Whatsapp аккаунтына қолжеткізе алатынын анықтадық. Сондықтан Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, дауыс
беру, кез-келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауға, ондай сайттарға кірмеуге, жеке деректерді енгізбеуге шақырады», — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Куатбек Науатов.

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп
күмандансаңыз, Whatsapp қолданбасындағы өзгертулер бөліміне кіріп, «байланыстырылған
құрылғыларға» өту арқылы Whatsapp
аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады.
Ол жерде сіз косылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, дереу шығыңыз.

Назерке Турсынәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының 4-курс студенті.
Сурет:inbusiness.kz

Related posts

«Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

ttjk

СЫР ЕЛІНДЕ ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ МҰСТАФА ШОҚАЙҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы

Halyk Bank Алматыдағы зардап шеккен микро-кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар ұсынады

ttjk