Қазақстан Мароккомен өзара визасыз режим енгізуі мүмкін

Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізуді көздеп отыр. Үкіметтің тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Визасыз режим енгізу туралы келісімге Қазақстан мен Марокко Үкіметтері арасында былтыр қыркүйекте қол қойылған болатын. Енді бұл құжатты ресімдеу жұмыстарымен еліміздің Сыртқы істер министрлігі айналысып жатыр.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу жұмыстарын бастады», делінген министрліктің хабарламасында. Екі ел арасында визасыз режим енгізу туралы шешім достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында қабылданбақ. Сондай-ақ, бұл Қазақстан азаматтары мен Марокко Корольдігінің жарамды ұлттық жалпыазаматтық паспорт иелерінің туризм мақсатында тиісті елдерге кіруін жеңілдетуді мақсат етіп отыр.

Келісімге сәйкес, екі ел азаматтарының бұл елдерде болу мерзімі олардың келген күнінен бастап 180 күн ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Бұдан бөлек, әр елдің азаматтарының паспорттары қолданылу мерзімінің аяқталу күніне дейін кемінде үш ай жарамды болуы қажет. Ал қазақстандықтар мен марокколықтарға «іскерлік мақсатта, жұмысқа орналасу немесе оқу үшін» тиісті елге рұқсат етілген мерзімнен ұзақ уақытқа келуді жоспарлаған жағдайда, виза алу керек.

Related posts

Келесі жылдың көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерді қаржыландыру биыл басталады

editor

Мәжіліс спикері Түркия Республикасының Ұлттық күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

editor

СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЕРСТВО КАЗАХСТАНА И ФРАНЦИИ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ

Назия Жоямергенқызы