ҚАЗАҚ ПЕН ТҮРІКТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Кеше Түркия астанасы Анкараға ресми іссапармен барған Қазақстан президенті Қ.Тоқаевты Түркия президенті Р.Т.Ердоған әуежайдан өзі қарсы алды. Тоқаев түрік әріптесіне алғыс айтты: “Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын”.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Реджеп Тайип Ердоған қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі күшейтуге қатысты мәселелерді талқылап, келіссөз жүргізеді.

Түркітілдес журналистер қорының Баспасөз қызметі

Related posts

Бауырлас халыққа мазут сертификаты табыс етілді

editor

Қазақ журналистері Түркияның Алматыдағы Бас консулымен кездесті

ttjk

Қазақстан мұнай-газ химиясын дамытуға 2030 жылға дейін 15 млрд доллар инвестиция тартады

Назия Жоямергенқызы