Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін, 28 қыркүйектен бастап елордадағы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жылу беру жұмыстары басталды

Әкімдік дерегіне сәйкес, ауа райының салқындауына байланысты қаладағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылу желісіне қосу шаралары қолға алынды.

«Оған дейін әлеуметтік маңызы бар мекемелер — мектептер, балабақшалар және денсаулық сақтау ұйымдары — өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын. Алдағы күндері қаланың барлық нысандары кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылады», – делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында да жылыту маусымы басталған еді. Алдымен балабақша, мектеп және аурухана секілді әлеуметтік мекемелерге жылу берілген болатын.

Related posts

«Тәуелсіздік – ең асыл құндылық!»: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Назия Жоямергенқызы

Мемлекеттік кеңесші Батыс Қазақстан облысында қоғам белсенділерімен бірқатар кездесу өткізді

editor

ЖАҢА АХУАЛДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН 40-ТАН АСТАМ ЕЛ ӨКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ttjk