Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлердің қолына кісен салды.

Қаскөйлердің жәбірленушілерге келтірілген шығыны 650 миллион теңгеден асады.

«Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 миллион теңгені иемденген. Алматыда 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 миллион теңгеден астам сомаға алдаған. Астанада 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол былтыр қыркүйекте жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 миллион теңге жымқырған. Сонымен қатар, Ресейдің Мәскеу қаласында 30 жастағы Қазақстан азаматы құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан», – дейді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтаған.

Related posts

Мемлекеттік кеңесші Батыс Қазақстан облысында қоғам белсенділерімен бірқатар кездесу өткізді

editor

Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесті

ttjk

Эгей теңізінің жағалауындағы балық тағамдары

ttjk