ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Алматыдағы қарттар мекендейтін Әлеуметтік қамқор үйінде Анталья симфониялық оркестрінің өнерпазы (флейта) Леля Байрамоғұллары қарттарға арнап концерт қойды.

Концерттің салтанатты ашылуында Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ: «Бас консулдық тарапынан әлеуметтік-мәдени шараларымыз жалғаса береді. Бүгін Леля ханымның концертін ұйымдастырсақ, 19 мамырда Ататүрікті еске алу, жастар мен спорт күнін атап өтеміз. Сондай-ақ, мамыр айында Түрік асханасы апталығы бар”, — деді.

Антальядан арнайы келген Леля Байрамоғұллары ханым да әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде әр түрлі елде қайырымдылық концерттерін жиі өткізетінін айтты: «Мен үшін балалар мен қарттардың орны бөлек. Оларға өз өнерім арқылы рухани ләззат сыйлау – азаматтық борышым. Қазақстанға келерде осы концертті алдын ала жоспарлаған болатынмын».

Алматыда 2001 жылы ашылған Әлеуметтік қамқор үйі — бүкіл ТМД елдері ішінде тек Қазақстанда жүзеге асырылған бірегей жоба. Әлеуметтік қамқор үйінде 74 пәтер бар. Зейнеткерлік жастағы азаматтардың 1 мезгіл ыстық тамағы, медициналық көмек, тұрмыстық қажеттілік сияқты барлық мұқтажын өтеуге жағдай жасалған.

Мекеме басшысы Дүйсенғожа Тұрысбековтің айтуынша, қариялар үшін әртүрлі мерекелік және мәдени шаралар жиі ұйымдастырылатын көрінеді: «Бүгін әлемдік деңгейдегі жұлдыз Леля ханымның бізге арнайы келіп, қарттарға құрмет көрсетуі – біз үшін үлкен мәртебе. Әрі ата-апалар үшін де рухани демалыс болды», — деді.

Нәзия Жоямергенқызы.

Related posts

Тұтынушы құқығын қорғау маңызды

editor

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» жедел көмекбағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты

ttjk

Кен өндіру саласында жаңа заң қажет

editor