Арнайы күштердің жауынгерлері UAE SWAT Challenge-2025 қатысады

Қазақстанның ішкі істер органдары арнайы күштерінің жауынгерлері UAE SWAT Challenge-2025 қатысады.

Биыл 1-5 ақпан аралығында  ІІМ Ұлттық ұланның үш командасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін «UAE SWAT Challenge-2025» жыл сайынғы VI халықаралық тактикалық жарысқа қатыспақ. Биыл жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 80-нен астам команда жиналады. «UAE SWAT Challenge» — бұл күш құрылымдарының арнайы күштері арасындағы бейресми әлем чемпионаты. Оны арнайы күштер олимпиадасы деп атайды. Жауынгерлер тактикалық дағдыларды, зияткерлік шоғырлануды және физикалық төзімділікті тексеруге бағытталған тактикалық, шабуыл, құтқару операцияларын қамтитын жарыстарға қатысады.

UAE SWAT Challenge-дің негізгі міндеттері —арнайы мақсаттағы жасақтардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру. Өйткені, жарыстар олардың нақты қиындықтар мен күнделікті тәуекелдерге қарсы тұру дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бес күн ішінде жарыстың қатаң бәсекелестік күресінде арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілері түрлі тактикалық тапсырмаларды орындайтын болады. Оның барысында кедергілер еңсеріледі, түрлі қарулардан: мергендік мылтықтардан, тапаншалардан және пулемет-тапаншалардан нысанаға ату орындалады. Сондай-ақ, жарыс бағдарламасында кепілге алынғандарды босату және жаралыларды эвакуациялау бойынша жеке жарыстар болады.

Related posts

The Black Sea highlands of Türkiye offer an unforgettable experience amid the nature  

ttjk

Жоғары лауазымды полиция қызметкері ұсталды

editor

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

ttjk