АРМАНСЫЗ АДАМ БОЛМАЙДЫ

Кез келген адамның арманы болады. Ал менің арманым өте көп. Ең бастысы – болашағым. Іштей болашағымның жарқын болғанын қалаймын әрі тілеймін. Жақсы маман болу – маңызды. Ол үшін денсаулық керек. Сосын – білім мен таңдаған мамандығың.

Өзімді халықаралық деңгейде жұмыс істейтін журналист ретінде елестетем. Арманың орындалу үшін алдыңа мақсат қоюың керек. Қол қусырып қарап отырмай, тер төгіп, еңбек еткен жөн. Таңдаған мамандығыңның қыр-сырын жетік меңгеріп, үздіксіз жетіліп отырсаң, үйренуден жалықпасаң, алынбайтын қамал жоқ.

Сол үшін мен де алдыма биік мақсаттар қойып, жетудің жолында жүрмін. Армансыз адамды қанатсыз құспен теңестірсек, әрбір адам арманы мен үмітін үкілейді кеудесінде. Сол үшін алға ұмтылады. Жығылу, сүріну, құлау бар. Бірақ қиындықтар мен кедергілерге берілмеу керек.

Алтынай Айдарқызы, М.Әуезов атындағы №128 мектептің 5-сынып оқушысы.

Түркітілдес журналистер қорының Жас журналистер мектебі.

Related posts

АСТАНА «ТІЛ ФОРУМЫ» ӨТЕДІ

Назия Жоямергенқызы

«Chevron Direct Investment Fund» Жеке компаниясы Қазақстанға инвестиция салды

ttjk

Halyk қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?