АЛМАТЫДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙДІ

Алматыға орнатылған Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі (ЕСВМ) қала тұрғындары мен қонақтар үшін жүйелі түрде жұмыс істеп тұр. Оңтүстік астананың барлық ауданына орнатылған 57 мыңнан астам бейнекамера қаладағы тұрмыс-тіршілікті бақылаумен шектелмейді. Ол адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бейнекамералар жүйесіне енгізілген жасанды интеллект арқылы адамдардың өміріне қатер төндіретін тосын жағдайларды, болған төбелестерді, күдікті заттар мен қару-жарақтың таралуы не біреулердің тасымалдауын, өрт пен түтіннің шығуын анықтау, жүйеде іздеуде жүрген адамдар мен көліктерді табу Бірыңғай бейнемониторинг жүйесінің міндетінде.

Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылы аталған жүйенің арқасында іздеуде жүрген 284 қылмыскер құрықталған. Соңғы үш жылда Алматының маңызды саналатын жерлеріне қосымша 9 мың камера қойылған. Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет Алматы бойынша оқу орындары мен әлеуметтік нысандарда да Кешенді қауіпсіздік жүйесі іске қосылыды. Бүгінде 215 мектеп, 186 балабақша және 64 медициналық мекеме толықтай бақылауғ жасанды интеллекттің көмегімен бақылауға алынған.

Қаладағы денсаулық пен экология саласында да жасанды интеллектті кеңінен пайдалану жолға қойылған. 2025 жылы Almaty Digital Medical Center жұмыс істей бастады. Аталғанорталықта бірыңғай 1312 байланыс нөмірі, телемедициналық патронаж және дауыстық көмекшілер тағы басқа үздік қызмет көрсету жүйесі жинақталған. Науқастар белгілі бір дәрігерге қаралу немесе кеңес алу үшін ұзақ уақыт күтпейді, кезекте тұрмайды. Ал экология саласында жасанды интеллект қала тазалығына жауапбереді. Сол үшін қоқыс алаңдарына бейнеанализ жасайтын 804 бейне камера қойылған. Оның 236-сы жасанды интеллектпен жабдықталған. Бейнекамералар қоқыс контейнерлерінің толып кеткенін автоматты түрде анықтап, коммуналдық қызметтерге хабар береді. Бұл қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етіп, қала көшелерінің тазалығына тікелей әсер етеді.

Бұған дейін қағазбастылықтан көз ашпаған алматылықтар қазір ialma.kz жүйесінің арқасында жұмысты жеңілдетті. Осыialma.kz порталының арқасында 60-тан астам коммуналдық қызмет цифрлық форматқа көшірілді, тұрғындардан түскен 20 000-нан астам өтінім автоматты түрде өңделді. Бұдан кейін адамдар жылжымайтын мүлік сатып алғанда, коммуналдық қызметтерге шарт жасасу үшін мекемелерді барып, уақытты босқа кетірмейді. Барлық шаруа ialma.kz жүйесінде автоматты түрде атқарылады.

Алматы қаласындағы басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, экология, көлік және ТКШ салаларында жасанды интеллектті пайдалану 2026-2027 жылдары да өз жалғасады. Бұл — қазіргі заман талабына айналған жасанды интеллектті алматтылықтар игілігіне пайдалануды мақсат ететін мәселелер.

Нұрсая Жоямерген, «Түркітілдес журналситер қоры» ҚҚ

Related posts

“Самғау” жастар фестивалі басталады

ttjk

Аким области Абай представил план развития региона

Назия Жоямергенқызы

Абай облысының әкімі елден шыққан азаматтарды туған өлкені көркейтуге атсалысуға шақырды

Назия Жоямергенқызы