АЛМАТЫДА ЖАС ҰРПАҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ТЕРЕҢ МЕҢГЕРЕДІ

Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан да жасанды интеллектті барлық салада кеңінен пайдалануға мүдделі. Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауында: «Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады», – деді. Президенттің тапсырмасымен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, үш жылдыңішінде жаппай цифрлық ел болуыды міндетті. Осы орайда, биыл қыркүйекте Алматыдағы мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша бір жылдық білім беру бағдарламасы басталған еді. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік мектептердің 10 мың оқушысы білім алып, байқаудан кейін олардың ішінен 1 мың оқушы junior-әзірлеуші біліктілігін алу жоспарланды. Бағдарламаның практикалық бөлімінде жасанды интеллектіні қолданып, 1 мың цифрлық өнімжасалуы тиіс.

Жасанды интеллектті жастарға меңгертуге арналған жоба туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков: «Бүгін біз цифрлық дамудың жаңа деңгейіне шықтық. Алматы жасанды интеллектіні қолдана отырып, озық шешімдерді енгізіп, мамандар даярлайтын орталыққа айналып келеді», – деді. Жоспарға сәйкес, 2025 жылдыңсоңына дейін қалада екі жаңа білім беру орталығы ашылады. Бірі12–18 жастағы жасөспірімдерге арналған креативті технологиялар орталығы.«TUMO Алматы» деп аталатын бұл орталық бағдарламалау мен робототехникадан бастап, генеративті жасанды интеллект, анимация және жаңа медиаға дейінгі 15 бағытты қамтиды. Әлемдегі 12 мемлекет қолданып жатқан TUMO әдістемесінің арқасында алматылық оқушылар жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктерін меңгереді.

Жастарға арналған екінші жоба 18 жастан асқан жастарды қамтиды. Алматыда алғаш рет жүзеге асырылатын peer-to-peer жасанды интеллект мектебі «Tomorrow School» аталды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, оқу барысына мұғалім араласпайды, әр қатысушы өз бетінше жұмыс істейді. Жасанды интеллектті меңгеруде жаңа цифрлық білім беру экожүйесінің алғашқы қадамына айналатын бұл бұл мектептер жасанды интеллектті қолдану арқылы болашақ мамандарды даярлауды мақсат етеді.

Аталған мектептермен бірге Алматыда ІТ және стартап экожүйесін дамытуға арналған үш жылдық бағдарлама іске қосылады. Қаладағы көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология, медицина, қоғамдық қауіпсіздік пен білім беру салаларында Алматыны жасанды интеллект шешімдерін кеңінен қолданатын пилоттық алаңға айналдыруды көздейтін бағдарлама шеңберінде 300-ге дейін жобаға қолдау көрсетіледі. Олардың 15-і қалалық инфрақұрылымға енгізіліп, жұмыс барысында жасанды интеллектттің көмегіне жүгінеді. Жобаның құны 100 миллион долларға бағаланып отыр.

Нұрсая Жоямерген, «Түркітілдес журналситер қоры» ҚҚ.

Фото: ЖИ

Related posts

АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ ЖАҢА КИІМ ҮЛГІЛЕРІ

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі басталады»

editor

ФЛЕШМОБ: ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ