Соңғы жылдары жасанды интеллекттің қарқынды дамуы БАқ жұмысына да қатты әсер етті. Контент дайындауда журналистер қауымы жиі жүгінетін жасанды интеллекттің медиаға қандай көмегі бар?
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумындағы «Жаңа дәуір шындығы: БАҚ-тағы жасанды интеллект» тақырыбындағы отырыста «AI ассистент: БАҚ-қа арналған автоматтандырылған жүйе» тақырыбына баяндама жасайтын Мадина Мансұрова журналистердің жүгін жеңілдетуге септігін тигізетін дүниелер жайлы айтады.
Мадина Есімханқызы Мансурова – профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі. 30 жылданастам уақыт бойы ақпараттық технологиялар, деректерді өңдеу және жасанды интеллект саласында ғылыми-зерттеу және оқытужұмыстарымен айналысып келеді. Ол бірнеше іріғылыми жобалардың жетекшісі ретінде жоғарыөнімді ақпараттық-аналитикалық жүйелерді, білімберу және медициналық мониторинг жүйелеріндамытуда еңбек етті.
Мадина Есімханқызы 100-ден аса ғылымимақала мен кітаптардың, оның ішінде бірнешемонография мен оқу құралдарының авторы. Оныңеңбектері бірнеше мемлекеттік гранттармен жәнемарапаттармен бағаланды: «Үздік жоғары оқуорны оқытушысы» мемлекеттік гранттары, «Еренеңбегі үшін» медалі және ҚР жоғары білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат. Ғылыми қызметі жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға елеулі үлесқосып, білім беру және зерттеу саласындакөшбасшы ретінде танылды.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте өткізетін шара.
Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу ТЕГІН.
Форумға тіркелу: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).
