Әлемдік медиаға жасанды интеллекттің ықпалы зор. Журналистер көлеңкесі мен күнгейін қатар сезінген ЖИ-ді қалай тиімді қолданса болады? Кәсіби этиканы сақтауда қандай талаптар мен ережелерге бағыну керек. Контент қалыптастыруда ескеретін жайттар қандай? VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Жаңа дәуір шындығы: БАҚ-тағы жасанды интеллект» тақырыбы талқыға салынады. «Qazaq Today» ақпаарт агенттігінің директоры, IT-маман, «Жасанды интеллект әліппесі» оқулығының авторы Мейіржан Әуелханұлы.
Отырыстың спикерлері БАҚ-тағы жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған видеоларды анықтау тәсілдері, AI ассистент: БАҚ-қа арналған автоматтандырылған жүйе, контент дайындау және өңдеу процестерінде AI пайдалану т.б. мәселелер жайлы айтады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу тегін.
Тіркелу: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).
