Алматыда Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс екі айға шектеледі

2024 жылғы 17 маусым мен 17 тамыз аралығында Алматы қаласының Медеу ауданындағы Құрманғазы көшесі бойымен Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады.

Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 305 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Соңғы 5 жылда бұл учаскеде 10-ға жуық ақау жойылды.

Бұл құбыр учаскесі жылумен және ыстық сумен 5 көппәтерлі тұрғын үйді және 4 өзге де объектілерді қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық су берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Related posts

Қазақстанда алғаш рет Халықаралық фрирайд сайыстары

ttjk

Түркияның ежелгі тарихын зерттеуге болатын 5 бағыт

Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесті

ttjk