Алматыда көлік инфрақұрылымын жақсарту жалғасады

Қазақстандағы ең ірі мегаполис – Алматыдағы басты қиындықтардың бірі – көлік кептелісі. Жергілікті тұрғындардың жолда жүруін жеңілдету үшін Алматы қаласының әкімдігі жақсарту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы орайда, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі көлік кептелісі мәселесі қоғамдық көлікті жүйелі дамыту арқылы шешіліп жатқанын айтты.

Әкімнің айтуынша, көлік қозғалысының шамадан тыс жүктемесі қаланың экологиялық жағдайына тікелей әсер етеді. Сондықтан жеке автокөліктерге балама ретінде қоғамдық көлікті дамытуға басымдық беріліп отыр.
.
«Бұл – күрделі мәселе. Кептеліс экологияға тікелей әсер етеді, себебі көліктер ауаға тарайтын зиянды заттардың 60%-ын шығарады. Біз Шанхай, Лондон және Мәскеу секілді қалалардың тәжірибесін зерделедік. Мәскеуде 2016 жылы жеке автокөлікті пайдаланушылардың үлесі 60% болса, бүгінде бұл көрсеткіш 30%-ға дейін төмендеді, ал қалған 70% тұрғын қоғамдық көлікті пайдаланады. Сондықтан кептеліс мәселесінің бір ғана шешімі бар», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, мәселені шешудің тиімді жолының бірі – жылдам жүретін қоғамдық көлік бағыттарын дамыту. «Біріншіден, BRT желілерін тез әрі салыстырмалы түрде оңай іске қосуға болады. Сонымен қатар LRT жобасы да дайындалып жатыр, бұл бағыттар қатар жүзеге асырылады», – деді ол.

Қала басшысы метроның дамуына да жеке тоқталды. Оныңайтуынша, қазіргі уақытта бірқатар нысандарды аяқтаумерзімдері қайта қаралып жатыр.
«Маусым айында метроға барғанымда маған «Қалқаман» бекетін аяқтауға 24 ай қажет делінген. Қазір бұлжұмыстарды 8-9 айда бітіру жоспарланып отыр. Мұндайжобаларды жедел жүзеге асыру керек», – деді әкім.

Оның айтуынша, қала метрополитенді кеңейтудіжалғастырып жатыр. «Келесі жылы «Қалкаман» бекеті мен «Барлық» базары арасындағы 5,3 шақырымдық метро желісінің құрылысы басталады. Сондай-ақ «Жібек жолы» бекетінен әуежайға дейінгі 14 шақырымды қамтитын екіншіжелі жобасы әзірленіп жатыр», – деді Дархан Сатыбалды.

Сөз соңында әкім метро мен қоғамдық көлік дамымай, қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешу мүмкін емесекенін айтты.

Related posts

Алачаты: где бьется сердце серфинга

Назия Жоямергенқызы

«РОЛЬ ВОЕННЫХ СМИ В ПОПУЛЯРИЗАЦИИ КАЗАХСТАНСКОГО ПАТРИОТИЗМА»

ttjk

Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты

Назия Жоямергенқызы