Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі телефонға алаңдауы салдарынан жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Оқиғаға байланысты жүргізуші қамауға алынды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 9 желтоқсан күні сағат 10:54-те Алмалы ауданында тіркелген.

«Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалған автобус Исаев көшесінің қиылысында 2007 жылы туған жаяу жүргіншіні соғып өткен. Қыз рұқсат етілген жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп бара жатқан. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізушінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Телефонға алаңдауға жол берілмейді, әсіресе жолаушыларды тасымалдау міндеті жүктелген жүргізушілер үшін. Әрбір жүргізуші назарын толықтай жолға аударуы тиіс, себебі олардың жауапкершілігінде көптеген адамның өмірі бар.

Алматы полициясы барлық қоғамдық және жеке көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтап, абай болуға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады», – деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Related posts

Елордада есірткі қолданатын 971 адам тіркелген

editor

HALYK BANK: АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА — ТАБИҒИ ГАЗ

ttjk

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЛДЫҚТАРСЫЗ ӨМІР СҮРУ КҮНІ

ttjk