Алматыда 660-қа жуық жоба қаржыландырылған

Алматыда кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басталғалы 660-қа жуық жоба қаржыландырылған. Жоба аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған шағын, орта кәсіпорындарға жеңілдікті мөлшерлемемен қарыз беріліп келеді. Ал несиенің ең жоғары сомасы – 500 млн теңге. Сондай-ақ қаржы 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Бүгінде тұтынушылардың импорттық өнімге тәуелділігін төмендету үшін кеңсе қағазын шығаруды қолға алған алматылық кәсіпорын айына 100 тоннаға дейін дайын өнім шығарып жатыр. Биыл жұмыс істеп келе жатқан мекеме шикізатты сатып алуға және операциялық шығыстарды жабу үшін кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қаржыландырылған екен.

Кәсіпорын директоры Омар Фахратовтың айтуынша,  компания – А4 форматындағы қағаз шығаратын отандық кәсіпорын. Цех заманауи құрал-жабдықтармен және ресурстармен толық жабдықталған. Бұл жұмыстың тұрақтылығымен қатар, сапасына кепілдік береді. Биыл айналым қаражатын толықтыруға 120 млн теңге бөлінген.

Отандық өнім шығаратын компания туындаған кедергілерге қарамастан өнеркәсіптік сертификат алуға жоспар құрып отыр. Өйткені бұл салада  ірі кәсіпорынның ауадай қажет екені аңғарылады.

Қазір зауыт 10-ға жуық маманды жұмыспен қамтып отыр. Болашақта жұмыс беруші олардың санын арттып, 2 ауысымдық жұмыс кестесін құруды мақсат етіп отыр. «Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын қаржыландыру аясында жаңа жұмыс орындарын ашып, жеңілдікті мөлшерлемемен қарыздар беруге ерекше ден қойылмақ. Сондай-ақ зауыт басшылығы алдағы уақытта өндіріс қуаты мен жұмысшылар санын арттыруды жоспарлап қана қоймай, келешекте қағаздың басқа да форматын шығаруды жолға қоймақ.

«Аlmaty finance» басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов «Бүгінде 660 жоба қаржыландырылды. 2700-ден астам жұмыс орыны ашылды. Кіші және орта кәсіпті қаржыландыру жалғасып жатыр. Негізіг қолдайтын бағыттар – өндіріс түрлері, туризм, әлеуметтік жобалар» деп отыр.

Related posts

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

ttjk

9-шы қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп белгілеуді сұраймын — Әлихан Байменов

ttjk

«Халық-Life» АҚ-ы «Bilim-Life» атты жаңа сақтандыру өнімін шығарды

ttjk