Алматы тасымалдаушылары қоғамдық көлікте қолма-қол төлемді алып тастауды сұрайды

 

*Жүргізушілер төлем қабылдауға алаңдамауы керек – Жолаушыларды тасымалдаушылар қауымдастығы*

Алматының тасымалдаушылары тағы бір бастама көтерді. Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының хабарлауынша, автобус парктері Алматы әкімдігінен қоғамдық көлікте қолма-қол төлемді жоюды қарастыруды сұрайды.

Негізгі дәлел – жүргізушілердің қолма-қол ақша қабылдауы оларды негізгі қызметтен алаңдатады, бұл жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етеді. Сонымен қатар, көлеңкелі экономикаға жағдай жасайды, өйткені жүргізушілердің билет бермей қоятыны бар.

«Талап Т» ЖШС автобус паркінің директоры Серік Жұмабековтың айтуынша, қолма-қол ақшамен төлеудің үлесі аз, бірақ үлкен қауіп туғызады.

«Қала жолдарындағы қозғалыс қиын, көлік саны артып келеді, соған сәйкес қоғамдық көлік жүргізушілеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жол ақысын қабылдау жүргізушілерді автобусты жүргізу сынды тікелей міндетінен алаңдатады және бұл жолаушыларға ғана емес, жол қозғалысының өзге де мүшелеріне қауіп төндіреді. Кейде қолма-қол ақшамен төлеу жүргізушінің 2 минутқа дейін уақытын алады, себебі қайтарым табу керек және т.б. Сондай-ақ, жүргізушілердің қолма-қол ақша қабылдау кезінде жолаушылармен жанжал да жиі туындайды», — дейді Серік Жұмабеков.

Өз кезегінде «Neo City Trans» ЖШС автобус паркінің директоры Еркін Нұрпейісов қолма-қол төлемге байланысты тасымалдаушылар тиісті табыс таппайды, нақты жолаушылар санын анықтай алмайды деп есептейді.

«Автобустағы бейнебақылау камерасындағы жазбаларға мониторинг жүргізу және жүргізушілердің жолақысын қолма-қол ақшамен беруін анықтау қажет. Кейде жүргізуші қолма-қол ақша алып, жолаушыға билет бермейді. Бірақ күні бойы әр рейсті көру мүмкін емес. Мұның бәрі субсидиялау көлеміне әсер етеді, сондықтан парк шығынға ұшырауға мәжбүр. Біз тасымалдаушылар экономикасының ашықтығын қамтамасыз ететін және қалада қоғамдық көлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасайтын қоғамдық көлікте қолма-қол ақшамен төлемді жою қажет деп санаймыз. Бұл үшін «Onay» картасы және оның қосымшасы немесе SMS арқылы төлеуге болады», — деді ол.

Алматы көлік холдингінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері қоғамдық көлікте 183 млн.транзакция жасалса, соның 1,6%-ы ғана қолма-қол ақшамен төленген.

Қоғамдық көлік жүйесі дамыған елдер қолма-қол төлемнен әлдеқашан бас тартқан. Мысалы, Нью-Йоркте жолақысын тек пластикалық көлік картасымен төлеуге болады. Жапония, Швейцария, Канада қалаларында осыған ұқсас жүйе қолданылады.

Related posts

Президент: «Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр»

editor

The countdown for the 2023 EuroVelo & Cycling Tourism Conference begins

Назия Жоямергенқызы

BURSA: GELENEKTEN GELECEĞE AKAN ŞEHİR

ttjk