Алматы тұрғындардың қауіпсіздігін жасанды интеллект қамтамасыз етеді

Алматы қаласында Алматыда 59 мыңнан астам камераны біріктіретін Бірыңғай бейнебақылау жүйесі (БББЖ) жұмыс істейді. Оның 3000 камера биыл орнатылды. Бұл қаланың цифрлық қауіпсіздігінің негізі, қаладағы оқиғаларды тәулік бойы нақты уақыт режимінде талдайды, деп хабарлайды тілші. Күн сайын бұл жүйе 500 000-нан астам оқиғаны автоматты түрде өңдейді. Аталған жаңалық жергілікті құқық қорғау органдарының төтенше жағдай немес оқыс оқиғаларға байланысты барынша жылдам әрекет етуге, тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нысандарға орнатылған бейне камериалар әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат жеткізеді. Полицияда іздеуде жүрген адамдардан бастап төбелеске, өртке, түтінге, қарулы шабуылдарға, жол қозғалысы ережелерін бұзуға, күдікті заттарға және басқа да ерекше оқиғаларға дейінхабардар етеді. Мұрағаттағы тиісті жазбаларды іздеу енді 2жарым есе аз уақытты алады. Бұл тергеу мен шешім қабылдау тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Бүгінде Бірыңғай компьютерлік жүйені мемлекеттік мектептермен, балабақшалармен және денсаулық сақтау мекемелерімен біріктіру ерекше маңызды — мұнда аналитика зорлық-зомбылықты жедел анықтауға, бұзақылықты анықтауға және дабылдарға тез жауап беруге көмектеседі.

Сонымен қатар, қала әлеуметтік инфрақұрылым нысандары үшін кешенді қауіпсіздік жүйесін (КҚЖ) дамыту жалғасып жатыр. КҚЖ жобасы шеңберінде 214 жалпы білім беру мекемесінде 12 000 сандық бейнекамера, 437 кіруді бақылау жүйесі (турникет), 205 SOS түймесі және 214 өрт дабылы жүйесі орнатылды.

Жаңа технологияның мүмкіндіктерінен өзге де мемлекеттік мекемелер қағыс қалмады. Алматыдағы 193 мектепке дейінгі мекемеде 8500 сандық бейнекамера, 193 өрт дабылы жүйесі, 185 үрей түймесі және 185 домофон орнатылды. Сонымен қатар, КҚЖ жобасы аясында 64 денсаулық сақтау мекемесінде 4636 сандық бейнекамера, 103 кіруді бақылау жүйесі, 135 үрей түймесі және 42 өрт дабылы жүйесі орнатылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарда аудио және бейне жедел шақыру функциялары бар 32 SOS түймесі қойылған. Бұл төтенше жағдайлар қызметтерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Қалдықтарды басқарудың бірыңғай жүйесінің (ҚБЖЖ) мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Алматыда қоқыс контейнерлерінің толып кетуін автоматты түрде анықтау, бұзушылықтарды тіркеу және осылайша қалдықтарды жинауды жеделдету үшін жасанды интеллектті пайдаланатын жүйе енгізілді. Контейнерлік алаңдарға бағытталған бақылау үшін 804 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олар жасанды интеллекттің көмегімен толып кеткен қоқыс жәшіктерін, тастауға болмайтын қоқыстарды және құрылыс заттарын тез анықтайды.

Алматыда «Алматы қаласы бойынша интеллектуалды жолқозғалысы қауіпсіздігі және талдау жүйесі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба интеллектуалды жол қозғалысы қауіпсіздігі және талдау жүйесін енгізу, жол қозғалысы ережелерін автоматтандырылған түрде орындауды қамтамасыз ету, бұзушылықтарды анықтау көрсеткіштерін арттыру және алдын алу әсерін күшейту арқылы мегаполисте қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған.

Уақыт өткен сайын еліміздегі ең ірі мегаполисте халық саны да артып келеді. Мысалы, 2021 жылдан 2025 жылға дейін тұрғындар саны 15,1 пайызға өскен. Қуаныштысы сол, қаладағы жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім 58 пайызға төмендеген. Аталған жобаның арқасында жол-көлік оқиғаларының жылдық орташа көрсеткіші 30 пайызға және өлім-жітімнің жылдық көрсеткіші 10 пайызға кеміген.

Алматы қаласының әкімдігі таратқан ресми мәліметтерде  қоғамдық көліктерде де, әсіресе, метрода қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі назардан тыс қалмайды. Қазіргі уақытта станциялар бойынша Бірыңғай бейнебақылау жүйесі платформасына 500-ден астам бейнебақылау камералары біріктірілген. Бейнекамералардың барлығы тәулік бойы бақылауды және оқиғаларға жедел жауап беруді қамтамасыз ететін Операцияларды басқару орталығына қосылған. Бұл қаладағы қауіпсіздікті үздіксіз бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейнебақылау камералары барлық қалалық автобустарға да орнатылған. Бұл камералардан алынған бейнежазбалар болашақта пайдалану үшін, соның ішінде ресми және аудит мақсаттары үшін қажет болған жағдайда жүктеліп, сақталады.

Нұрсая Жоямерген, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.

Фото: gov.kz

Related posts

Қазақстан бір плацкарт вагонды 1 млрд теңгеге сатып алады

editor

Трофей Лиги чемпионов УЕФА найдет нового владельца в Стамбуле

ttjk

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

ttjk