Алматы облысында 4,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды

Биыл жыл басынан бері Алматы облысында 4,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды.Осы кезеңде өңірде 73 545 шетелдік азамат тіркеліп, 2639 виза берілген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9653 адам жауапқа тартылса, олардың 6803-і – шетел азаматтары, ал 2830-ы – Қазақстан азаматтары.
«Ел аумағынан 389 шетелдік шығарылып, 8301 адамға айыппұл салынды, ал 489 адам әкімшілік тәртіппен қамауға алынды. Көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 23 қылмыстық іс қозғалды», делінген Алматы облысы ПД КҚҚБ бастығы Рүстем Жарықбасовтың берген мәліметінде.

 

Оның айтуынша,  көші-қон заңнамасын бұзумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Анықталған тәртіп бұзушылардың 80%-дан астамы – шетел азаматтары. Көші-қон қызметі шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың алдын алу үшін жұмыс берушілермен және жергілікті тұрғындармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сонымен қатар 11 айдың ішінде 4551 адам Қазақстан азаматтығын алған. Бұл көрсеткіш елге тұрақты мекен ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсеткен.

Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында ел аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

«Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей «e-Qonaq» электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады», деп толықтырды ол.

Related posts

Дүбірлі дала ойындары түркі халқының мәдениетін дәріптеді

editor

Тамыз — Түркияда фундук маусымы

Назия Жоямергенқызы

БИРГИ ВХОДИТ В СПИСОК ОРГАНИЗАЦИИ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ «ЛУЧШИЕ ТУРИСТИЧЕСКИЕ ДЕРЕВНИ НА 2022 ГОД»

ttjk