Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын тудырады. Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады.
Атап айтқанда, 26 қыркүйекте еліміздің батысы мен солтүстік-батысында, 27 қыркүйекте солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл соғуы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта шығыс пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Сонымен қатар, температураның төмендеуі болжануда. Батыс өңірде ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін түседі, кей жерлерде батыста және солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Солтүстік-батыста күндізгі температура +10…+18 градус аралығында болады.
Орталық Қазақстанда түнде ауа температурасы +5…+13 градус шамасында. Шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Оңтүстікте түнгі уақытта +5…+15, ал күндіз +25…+30 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +22…+30 градусқа дейін жетеді.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланған.
Сурет ЖИ