Алқабилердің қарайтын істердің саны екі есе өсті

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. 

Асламбек Мерғалиев Президентке  сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерін қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету сот жұмысының басымдығы саналады. Қаралған істер мен материалдар санының ұлғайғаны, сондай-ақ соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының ең жоғары көрсеткішіне (жергілікті соттардың сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылған) қол жеткізілгені жөнінде баяндаған ол: «Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр. Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өсті» деді.

Сондай-ақ  ол салаға жасанды интеллект технологияларын енгізу жайында айтты.  Бұл әдіс біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етеді (материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған). Судьялардың дербестігін нығайту мен әкімшілік әділет саласын кеңейтуге бағытталған заң шығару бастамалары, сондай-ақ кассациялық соттар құру туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңызын атап өтті.

Related posts

Recognised as the “Best New Development Project” at the MAPIC 2023 Awards, Galataport contributes to its neighbourhood Karaköy’s fame as İstanbul’s centre of attraction

Назия Жоямергенқызы

AM Best халықаралық рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық рейтингін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді

ttjk

Türkiye: Regarding the Devastating Floods in Kazakhstan

ttjk