Аймақ бюджетін тексеретін комиссия таратылады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өңірлік тексеру комиссиялары таратылып, оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттерін ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов төрағалық еткен отырыста мәлім болды.«Бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді, себебі, бүгінде тексеру комиссияларына жергілікті бюджет ақша бөледі. Ал бұл аудиттің объективтілігіне әсер етуі мүмкін»,  деп жазды палатаның баспасөз қызметі.

Осылайша, 2026 жылдан бастап жергілікті мәслихат депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның тиісті аумақтық департаменті басшылығының екі өкілін тағайындай алады. Сондай-ақ палата болашақта «Жоғары аудиторлық палата – Парламент» моделі бойынша жұмыс істеуге көшуді де мақсат етіп отыр.

Related posts

Резервтік түсімдер: Алматының жергілікті бюджеті ненің есебінен өсуде

Назия Жоямергенқызы

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Церковь Айя Варвара в Трабзоне

ttjk