Абай облысының полицейлері құқықтық мемлекет қағидаттарын талқылауға арналған семинар өткізді

 

Семинарға ішкі істер органдарының жеке құрамы, мемлекеттік органдардың өкілдері және оқу орындарының оқытушылары қатысты. Шараға Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылай Абайұлы Нұрымов төрағалық етті.

Отырысты ашқан ПД басшылығы құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі мен қызметтік этиканың маңызын атап өтті. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, полицияның ашықтығы мен әділдігі – күнделікті қызметтің негізгі басымдықтары екені айтылды.

Сонымен қатар семинарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Нұрғазыұлы Сапарғалиев пен Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жадыра Маратқызы Әубәкірова баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушылар құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерін, полиция қызметкерлерінің өкілеттігі мен жауапкершілігін, азаматтардың құқықтарын қорғау стандарттарын, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен этика талаптарын жан-жақты талқылады. Әрбір бағыт құқық қорғау органдары қызметінің өзара байланысқан құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі практикалық тетіктер, қызметтік шешім қабылдау кезіндегі құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, азаматтармен қарым-қатынаста этикалық стандарттарды сақтау және полиция жұмысының ашықтығы мәселелері егжей-тегжейлі сөз болды.

Талқылау барысында нақты қызметтік жағдайлар мысалға алынып, құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытында атқарылатын жұмыстың сапасын арттыру жолдары көрсетілді.

Қорытынды сөзінде ПД басшылығы құқықтық мәдениетті арттыру, заңға құрметпен қарау және азаматтардың құқықтарын қорғау – құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарттары екенін атап өтті.

Семинар қатысушыларға құқықтық нормаларды тәжірибеде тиімді қолдану және кәсіби қызметте заңдылықты сақтау бағытында пайдалы ақпарат берді.

Related posts

Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

editor

«Халык-Life» АҚ — Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы

ttjk

Әуежайларда биометриялық тексеріс орнатылады 

editor