Абай облысындағы «Дарабоз» жазғы лагерінде 720 бала демалады

Абай облысы Мақаншы ауданындағы «Дарабоз» жазғы сауықтыру-демалыс лагері балалардың алғашқы легін қабылдады. Лагерь жұмысы 6 маусым бойынша (әр маусым – 10 күн) жүргізіледі. Әр кезеңде 120 бала қабылданып, жаз бойы 720 оқушының демалысы ұйымдастырылады.

«Дарабоз» лагері 10–14 жас аралығындағы 5–8 сынып оқушыларына арналған. Балалар жергілікті бюджет және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен демалады.

Балалардың демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз өткізу үшін лагерьде 10 педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың қатарында аға тәлімгер, тәрбиешілер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жүзуден нұсқаушы және медбике бар. Мамандар балалардың күн тәртібін, ойын-сауық және тәрбиелік бағдарламаларын кәсіби деңгейде ұйымдастырып, қауіпсіздігін қадағалайды.

Лагерьде күн сайын арнайы жоспармен іс-шаралар өтеді. Бағдарламада таңғы жаттығу, суға жүзу, спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен клубтар (би, қолөнер, спорт, ақындар үйірмесі), экскурсиялар, зияткерлік ойындар, би кештері, тақырыптық күндер мен апталық мазмұнды шаралар қамтылған.

Лагерь аумағы мен ғимараттары санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді. Аумақта бейнебақылау орнатылып, медициналық пункт, таза ауыз су, дезинфекциялық шаралар толық қамтылған.

«Дарабоз» – балалар үшін қауіпсіз ортада денсаулығын нығайтып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізудің мүмкіндігі.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Related posts

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Назия Жоямергенқызы

Паранжа мен никаб киюге заңмен тыйым салынды

editor

Заңсыз мазмұндағы материалдарға мониторинг жүргізіліп жатыр

editor