«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасыаясында Шәкәрім университетінің орманшаруашылығы мамандығының студенттері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватыныңқызметкерлерімен кездесті.
Шара барысында мамандар студенттерге орманшаруашылығы саласында атқарылып жатқанжұмыстар, орманды қорғау және қалпына келтірушаралары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ орманөрттерінің алдын алу, орман ресурстарын тиімдіпайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтаумәселелері талқыланды.
—Бүгінгі лекцияда біз орман өрттерініңалдын алу және орманды күтіп-баптау жайындапайдалы ақпарат алдық. Адамзат өмірі орман мен табиғатқа тікелей тәуелді деп ойлаймын. Ауамыздың тазалығы мен өмір сапасы да орманғабайланысты. Сондықтан біз, болашақ мамандарретінде, орманды сақтау мен көбейтуге өзүлесімізді қосуымыз керек, – деді Шәкәрімуниверситетінің екінші курс студенті Айдана Хизатоллаева.
Өз кезегінде студенттер экология саласындабілім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғысбілдірді. Сондай-ақ сұрақ-жауап форматында өзойларымен бөлісіп, экологиялық мәселелербойынша пікір алмасты.
— Біз осындай кездесулер арқылы жастардыңтабиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруды көздейміз. Экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ – елдіңболашағына қосылған үлес, – деп атап өтті «Семей орманы» туризм және рекреация бөлімініңбасшысы Кәусар Рамазанов.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan